Руслан Өтепбай Зүлфия Төленованың үстінен қылмыстық іс көтерілгенін айтты
Журналист Руслан Өтепбай қол-аяғы байланған Құндыздың фотосынан соң Тараз қаласына барып, мән-жайды анықтады деп жазады Оinet.kz порталы. Айтуынша бұл оқиғада шикілік көп.

Инстаграм парақшасында жариялаған видеода журналист "Суреттің тарихын Құндыздың өзінен сұрап білдім. Жауабын тыңдап көріңіздерші" дей келе, Құндыздан өзін байлаған кім екенін сұрағанда "мама" (Зүлфия Төленова ред.) деп жауап береді және ол ұзақ уақыт байлаулы жатқанын жеткізген.
Видеода бой көрсеткен қамқоршысы Зүлфия бұл уақытта үйде болмағанын алға тартқан.
"Егер Зүлфия Төленова Құндызды байламаса, Құндыз жала жаппайды ғой! Мен өз басым Құндызға сенемін! Аталған дерек бойынша Зүлфия Төленованың үстінен қылмыстық іс көтерілді!",- деп жазды Өтепбай.
Айта кетейік, 17 жыл ағасы мен жеңгесінен қорлық көрген жамбылдық апалы-сіңлілі Назгүл мен Құндыз заң жүзінде Зүлфия Төленованың қамқорлығына берілген болатын.


