Полиция генерал-майорына қатысты тергеу аяқталды

Oinet.kz 29-05-2023 502

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады.

Screenshot_2.jpg

Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Спикер: Арман Тлеукенов, Агенттіктің ресми өкілі

Facebook | Instagram | YouTube

Call-центр - 1424

Пара алғанға – өлім жазасы
Ақпараттық жүйеде ілесу және техникалық қолдау бойынша қызметтер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу