Пара алғанға – өлім жазасы

Oinet.kz 12-01-2023 710

image.png

ҚХР шығысындағы Тайань қаласының соты Ляонин провинциясының халықтық саяси-консультативтік кеңесінің бұрынғы вице-төрағасы Ли Вэньсиді 540 млн юань (шамамен 78 млн доллар) пара алғаны үшін өлім жазасына кесті. «Жэньминь жибао» газетінің мәліметі бойынша, үкім екі жылға кешеуілдеп орындалады. Мемлекет айыпталушының барлық мүлкін тәркілейді. Сонымен қатар, екі жылдан кейін жазаны жеңілдету мүмкіндігінсіз өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстыру жоспарланған. Жергілікті сот органдарының пікірінше, Ли Вэньсидің заңға қайшы әрекеттері «мемлекет пен адамдардың мүддесіне айтарлықтай залал келтірген». Дегенмен, айыпталушының тергеуге көмектесуі ісін жеңілдетуге септігін тигізген.

 Айта кетелік, ҚХР билігі 2012 жылы билікке Си Цзиньпин бастаған «бесінші ұрпақ» жетекшілері келгеннен кейін жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті. Кейінгі жылдары жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан нәтижесінде көптеген шенеунік, оның ішінде жоғары шенділер де қызметінен айырылып, түрмеге қамалды. Олардың қатарында өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар да бар

Полицейлер 16 000 000 теңгенің малын сатып жіберген бақташыны ұстады
Полиция генерал-майорына қатысты тергеу аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу