Әмиян ұрлаған әйел ұсталды

Oinet.kz 29-07-2020 710

урлау.jpg

Түркістан облысы әкімінің каратин кезінде ұрлықты болдырмау, алдын алу тапсырмасын орындауда аянбай еңбек етіп келе жатқан Отырар аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері әмиян ұрлаған әйелді ұстады. Ол азық-түлік дүкенінің бірінде белгісіз біреудің үстел үстіне қойған ақшасы мен құжаттары бар әмиянын ұрлап кеткен.

Отырар аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын әмиянын ұрлап кеткендігін айтып, арызданады. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 50 мың теңгеден асады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер қылмыстың «ізін суытпай» 1 сағат ішінде ашып, күдіктіні өз үйінен ұстады. Тергеу барысында ол айналасында ешкім көріп тұмағанын пайдаланып, өзінің жеке басының қажеттілігі үшін қараусыз тұрған әмиянды ұрлағанын мойындады. Тәртіп сақшылары күдіктіден жәбірленуші ұрлатқан әмиян мен ақша,құжаттарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар, кез келген жерге қараусыз қалдырмаңыздар деп кеңес береді. Дүкендер мен базарларда, басқа да қоғамдық орындарда әмияндарыңызбен сөмкелеріңіздің аузын барынша мықтап жауып жүріңіздер. Сондай-ақ, ақшаларыңызды киімнің ішкі қалталарында ұстағандарыңыз сенімді болатындығын ескертеміз. Бағалы заттарыңызды ұрлатып алсаңыз, немесе осындай оқиғаның куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102»телефонына хабар беріңіз.

Карантин талаптарын сақтамайтындар жазаланады
Тәртіп сақшылары карантин кезінде тұрғындарға құқықтарын түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу