Карантин талаптарын сақтамайтындар жазаланады
Түркістан облысының полицейлері Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігердің қаулысына сәйкес, күн сайын карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың, кәсіпкерлердің карантин режимін бұзуын анықтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Арнайы мобильдік топтар адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрақты рейдтік шаралар мен тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Соның нәтижесінде облыс аумағында мобильдік топтар карантин енгізілген уақыттан бері 472 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 15 жайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.
Мысалы, Арыс ауданында полицейлер бір күн ішінде жергілікті тұрғындардың отбасылық және үйлену тойларын ұйымдастыруының 3 фактісін анықтады. Осылайша, 26 шілдеде Арыс ауданы Монтайтас кенті тұрғындарының бірі коронавирустық инфекцияның таралу қаупі мен карантиніне қарамастан, өз үйінде "қыз ұзату" іс-шарасын өткізген. Сол күні Арыс АПБ-ның мобильдік топтары ауылдықтардың үйлену тойларын ұйымдастыруының тағы екі жайтын анықтады, яғни "беташар".
Үйлену тойларын ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Барлық анықталған жайттар бойынша материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Арыс қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин кезінде қандай да бір отбасылық және өзге де іс-шараларды жүргізуден бас тартуға шақырады. Бұл ең алдымен коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты азаматтардың және олардың туыстарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Мүмкіндігінше үйде қажетсіз шықпаңыздар, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерге барған кезде бетперде кию керек және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау керек!