Дәрі-дәрмектерді қымбаттатып сату құқықбұзушылық болып табылады

Oinet.kz 25-07-2020 552

рейдаптек.jpg

Түркістан облысы әкмінің тапсырмасымен карантин кезінде жоғары сұранысқа ие дәрілік заттарды заңсыз сату фактілерін анықтау жұмыстары күшейтілді. Дегенмен, заңсыз пайда табуды көздегендер азаймай тұр.

Сарыағаш ауданының полиция бөліміне Сарыағаш қаласында белгісіз тұлғалар дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сататыны туралы хабарлама түскен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның "Меропенем" 50 қаптамасын тиісті құжатсыз 590 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұстады. Тәртіп сақшылары айғақты заттарды тәркілеп алып, жас жігітті полиция бөліміне жеткізді. Аталған жайт Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тіркеліп, тексеру жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары Мақтаарал ауданында тағы бір дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату оқиғасын анықтады. Полицияға жергілікті тұрғын Атакент кентіндегі дәріханада дәрі-дәрмектерді белгіленген бағадан қымбат сатып жатқаны туралы арызданған. Полиция қызметкерлері дәріхана қызметкері "аскорбин қышқылының" 2 бумасын 1400 теңгеден сатқанын анықтады (белгіленген бағасы 700 теңге). Жинақталған материалдарды полицейлер заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөліміне жолдады.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантин мен бетперделік режимін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты ұстап, үйден шықпаңыздар. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты карантин ережелерін бұзбаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Дәрі-дәрмектерді қымбаттатып сатып заң бұзғандар жазасыз қалмайды
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасында есірктімен ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу