TITF-2025: Сайрам ауданы қытай инвесторларымен меморандумға қол қойды
Бүгін Түркістан қаласында өткен халықаралық инвестициялық форум Сайрам ауданы үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты. Форум аясында аудан мен Қытай Халық Республикасының инвесторлары стратегиялық маңызы жоғары екі меморандумға қол қойды.

Алғашқы келісім — “KUZOV KARABULAK” және DAYUN AVTO CENTRAL ASIA LIMITED арасында жасалды.
Бұл жоба ауыр жүк көліктеріне арналған тіркемелер (прицептер) өндіретін жаңа өндіріс алаңын құруды көздейді.
Өңір үшін ауқымы үлкен бұл бастама — тек экономикалық инвестиция ғана емес, сонымен қатар жергілікті 500 азаматты жұмыспен қамтымақ. Жоба құны – 2,5 млрд теңге.
Екінші меморандум — “Qazaq Air Tecnology” ЖШС мен Қытайдың “Huankun Industrial Investment Limited” компаниясы арасында бекітілді.
Жоба заманауи технологиялар негізінде сапалы кірпіш өндіретін өндірісті іске қосуды қамтиды. Құны – 1 млрд теңге. Құрал-жабдықтар орнатылғаннан кейін зауыт ай сайын 2,5 миллион дана кірпіш шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өндірісте 30-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Бұл екі келісім — Сайрам ауданының өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына тың серпін беретін маңызды қадам. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және заманауи өндірістерді енгізу – ауданның болашақ дамуының берік тірегі болмақ.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


