Түркістан – түркі әлемінің келіссөз орталығы
23-04-2025
Түркі дүниесінің рухани, туристік астанасы – Түркістан қаласы. Туризм саласы бойынша былтыр облыстың негізгі капиталына 79,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.
Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 48 пайызға артты. Биыл өңірде «Қолөнер қалашығы», «Күлтөбе» қалашығы жобасы, «Arena Aquatica Turkestan», «Yassy Hall and Apartment», «Platinum» қонақ үйлері және тағы басқа туристік инвестициялық жобалар іске асырылуда. Түркістан қаласында аквапарк және белсенді демалыс аймақтары бар бес жұлдызды қонақүй құрылысыжалғасуда.
Бір атап өтерлігі былтыр Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Бұл мәртебе өңірдің халықаралық аренада танылуына және туристік ағынның артуына ықпал етті. Биыл Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы Заңның қабылдануы – өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеретін тарихи оқиғаға айналды. Түркістанның жаңа мәртебесі оның инфрақұрылымын, мәдениетаралық байланыстарын және экономикалық жағдайын жақсартуға айтарлықтай әсер етті.
Түркістан қаласында халық саны соңғы жылдары едәуір артып, бүгінгі күні 250 мыңға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Қаланың жалпы аумағы 22,4 мың гектарды құрайды. Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі облыс орталығы болғалы 4,5 есе өсіп 2023 жылы 370,8 миллиард теңгені құраса, 2024 жылға өсім 14,4 пайызды құрап, 452,6 миллиард теңгеге жетті. Сондай-ақ, қала экономикасының өсім драйвері инвестиция тартымдылығы соңғы 4 жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,3 триллион теңгені құрап, оның ішінде 46 пайызы жеке инвестиция есебі көрсеткішіне жеткен. Бүгінде қала аумағында 310 гектарды құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 гектар болса, бүгінгі таңға жалпы құны 126 миллиард теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр.
Сондай-ақ, жалпы аумағы 190 га құрайтын 1 индустриалды аймақ жұмыс істейді, бүгінгі күнде аймақта жалпы құны 10,5 миллиард теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылған. Алдағы жылдары құны 15,8 миллиард теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жоба іске асыру жоспарлануда.
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлік белсенділікті көтеру – бұл мәселелердің барлығы да қала әкімдігі үшін басымдыққа ие. Түркістан – тарихи және мәдени мұрасы мол, туристік әлеуеті зор қала. Сондықтан қала экономикасын көтеруге көп басымдық беріліп келеді. Қала әкімдігі берген мәлімет бойынша қалада 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1053912,6 миллион теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты жалпы өнім өндірісі 9,1 пайызға өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 37,1 пайызды, қызметтер көрсету – 57,7 пайызды құрады. Тұтыну баға индексі осы жылдың тамызында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 108,3 пайыз болды. Азық-түлік тауарларының бағасы – 9,8 пайыз, ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,3 пайыз, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің – 7,9 пайызға өсті. Өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда биылғы 8 айда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 1,7 пайызға өскен.
Ал биылғы 8 айда бөлшек сауда көлемі 262737,3 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға артық өндірілген. Көтерме сауда көлемі 242306 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 242 пайызды көрсетті. Алдын ала деректер бойынша 2025 жылғы қаңтар-шілдеде ЕАЭО елдерімен өзара сауда 787,6 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 22,7 пайызға көбейді, оның ішінде экспорт – 583 миллион АҚШ долларын (11% көбейді), импорт – 204,6 миллион АҚШ долларын құрады (75,5% көбейді).
Түркістан қаласының әкімі «экономиканың өсім қарқынын бәсеңдетпеуіміз керек. Кәсіпкерлік саласында жаңа мүмкіндіктерді пайдалану, өндіріс пен өңдеу секторындағы шараларды күшейту аса маңызды», – деп атап өткендей, өнеркәсіп саласында да өсім динамикасы байқалады. Статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, 2025 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 982344,7 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 13,1 пайызға көп. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 14,1 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде – 11,7 пайыз, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 13,7 пайыз, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 2,3 пайыз өсті.
Биылғы 8 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 484150,5 миллион теңгені құрады. Ал жүк айналымының көлемі 19472,9 млн. ткм-ді құрады. Жолаушы айналымы 1084,7 млн. жкм-ді құрап отыр. Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 311550,2 миллион теңгеге жетті. 2025 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 14,5 пайызға артып, 669,3 мың шаршы метрді құрады. 8 айдағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 782864,5 миллион теңге болды. Тіркелген заңды тұлғалар саны 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 19565 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 5,5 пайызға өсті, оның ішінде 250 адамнан жоғары қызметкерлері барлар 100 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 18069 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 17414 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 15662 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,4 пайызға өсті.