Түркістан қаласында туристік орталықтар инвесторлардың қолдауымен дамуда

Oinet.kz 21-09-2025 50

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты, табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы өңірдің бірі Түркістан қаласы.

Screenshot_22.jpg

Жалпы Түркістан қаласының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы инвесторларды қызықтырып отыр. Сонымен қатар бүгінгі таңда туризм саласы уақыт талабына сай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландырылуда. Бұл – өңір туризмінің дамуына және жарнамасына зор әсерін тигізіп келеді.

Түркістан – бұл тек рухани орталық емес, сонымен қатар заманауи туризмнің маңызды орталығы. Осы ретте Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістан қаласындағы әлеуметтік, мәдени және туристік нысандарын аралап, осы салалардағы атқарылып жатқан жұмыстаржың барысымен танысты. Ал Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Премьер-Министрінің орынбасарына өз кезегінде облыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жобалар туралы баяндады. 

Түркістан қаласындағы туризмді дамытуға бағытталған жобалар аз емес. Оларға қаралған бдюжер таражаты да қомақты. Бүгінгі күні Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстары, «Күлтөбе» қалашығын туристік орынға айналдыру бағытындағы бастамалар жалғасын табуда. Осы тарихи орнында болған Премьер-Министрінің орынбасары ондағы жұмыс барысымен жақынырақ танысты. 

Бүгінгі күні ЮНЕСКО тізіміне енгізілген кесенені сақтау, реттеу бағытында кешенді іс-шаралар қолға алынған. Ал «Күлтөбе» қалашығында құрылыс жалғасуда. Жаяу жүргіншілерге арналған тас төсемдері 7000 шаршы метрге төселген, көгалдандыру жүйесі, жаяу жүргіншілер көпірі және жарықшам электр желілерін жүргізу жұмыстары 90 пайызға аяқталған.

Ермек Көшербаев реставрациялық жұмыстармен танысып, ескерткіштің тарихи келбетін сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүргізілуде және оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. «Күлтөбе» археологиялық қалашығында Премьер-министрдің орынбасары нысанды тарихи сәулетке сай жарықтандыруды және кешкі экскурсиялар ұйымдастыруды тапсырды. «Түркістан – бұл тек рухани орталық емес, сонымен қатар заманауи туризмнің маңызды орталығы. Біздің мақсатымыз – бірегей тарихи ескерткіштерді сақтай отырып, келушілерге сол дәуірдің атмосферасын сезінуге жағдай жасау», – деді Ермек Көшербаев.

Бұдан бөлек, Премьер-министрдің орынбасары Сапар орталығының қызметін қадағалап, жай-күйін бағдарлады. Бұл нысандар туристерге қызмет көрсетіп келеді. Туризм саласы мамандарының айтуынша, облыста туристерге ұсынылатын негізгі 3 бағыт айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Облыста тарихи-танымдық бағытта туристерді тартатын 1783 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Экологиялық туризм бағыты бойынша облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар рналасқан, олар «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі. 

Бүгінде Түркістан облысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қосқанда 1700-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш тіркелген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірге 430 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп. Ал осы жылдың 8 айында Түркістан облысына 859 мың адам сапарлап келген. Олардың 736 мыңы – тарихи орындарды, ал 123 мыңы – табиғи парктер мен қорықтарды тамашалаған. Емдік-сауықтыру туризмі бағытында 117 емдік-сауықтыру орны жұмыс істейді. Туристерге қызмет көрсететін 251 орналастыру орны, 298 демалыс орны бар.

Туризмнің дамуы инвестиция көлемінің артуына да себеп болып отыр. 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында салаға 65,7 миллиард теңге инвестиция тартылды. Өңірде қазіргі уақытта туристік инфрақұрылымды дамыту және саяхатшыларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну мақсатында жалпы құны 49,4 миллиард теңгені құрайтын 47 жоба жүзеге асырылуда.

Сапар барысында Ермек Көшербаев өңірдің көлік қатынасына да ерекше көңіл бөліді. Вице-премьер лоукостерлерді тарта отырып, әуе рейстерінің географиясын кеңейтудің маңызын атап өтті. «Әуе қатынасын дамыту – туристер ағынына тікелей әсер етеді. Қолжетімді рейстер Түркістанды Қазақстан халқы мен шетелдік қонақтар үшін одан әрі жақын ете түседі», – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірде тарихи нысандарды абаттандыру жұмыстары жалғасып жатқанын баяндады. «Бүгінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы көне Күлтөбе қалашығын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. 2025 жылы өңір инфрақұрылымын жақсарту аясында 11,3 миллиард теңгеге 6 жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында туристік нысандарға апаратын жолдарды реконструкциялау мен Сауран қалашығына дейін айналма алаң салу жұмыстары бар. Жалпы, тарихи-мәдени мұраны реставрациялау және сақтау – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов. 

Ал Түркістан қаласына Қостанайдан келген турист Қаниза Залиева ерекше әсерге бөленгенін айтты. «Қызымның ұсынысымен Түркістанға келдік. Бізді бұл жердің ерекше атмосферасы таңғалдырды. Мұнда тірі тарихты сезінесің, сонымен қатар заманауи қызмет, тазалық пен жайлылық бар. Туристерге деген қамқорлық анық байқалады. Мұндай мекеннің елімізде бар екеніне қуаныштымын», – деді ол.

Түркістан қаласында қолайлы бизнес климат қалыптасып отыр
Түркістан қаласында ең ірі халықаралық білім жобасы жүзеге асырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу