Түркістан қаласында қолайлы бизнес климат қалыптасып отыр

Oinet.kz 17-09-2025 19

Түркістан қаласы бүгінгі күні қаланың өнеркәсіп, кәсіпкерлік, инвестиция тарту, туризм, сауда сияқты басты бағыттарда өз жұмысын мемлекеттік-стратегиялық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырып келеді. 

Screenshot_12.jpg

Соның ішінде экономикасының басымды және стратегиялық маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. 

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенер болсақ, Түркістан қаласында 6 қонақ үй ашылса, оның ішінде «Qassaq Turan» қонақ үйлерінің биыл құрылысы жүргізіліп іске қосылды. Сонымен қатар, Яссы, Шапағат, Май-Бұлақ, Павлин қонақ үйлері ғимаратқа реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп ашылды. Бұл қонақүйлердің ашылуы осы жылдығ – Наурыз мейрамына орай келіп, «Керуен – Сарай» туристік кешенінде Түркістан облысының туристік маусымының ашылу салатанаты өткізілді. «Bauyrsaq Fest» іс-шарасы ұйымдастырылып, әуе шарлары ұшырылды. Сонымен қатар ұлттық колоритке толы «Gastro Fest» гастрономиялық фестивалі, этноауыл аумағында «Этнофест» мерекелік бағдарламасы, «Silk Road» түйе керуені шеруі іс-шарасы өткізілді.

– Түркістан қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кең. Әсіресе, Түркістан қаласында орналасқан «TURAN» арнайы экономикалық аймағында кәсіпкерлерге қажетті бар мүмкіндік қаралған. Мәселен, бүгінгі күні арнай экономикалық аймақта бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Махатов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағаштан сәнді еден және қабырға қаптамаларын жасау жобасын, «Мунай Инвестмент Груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі битум өндіру және оны сақтау жобасының құрылысын, бұдан бөлек, «Құрғақ қағаз майлықтарын және тұрмыстық химия жасау» жобасын «Құрылыс саласына арналған жеңіл қабырға қаптамаларын жасау» жобасын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, өткен жылы құны 3,4 миллиард теңге және 100-ге жуық жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар – «Али Канстракшн Груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Гүлзада» жеке кәсіпкерлігі, «Туран Мебель БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, – дейді қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.

Тағы бір атап өтерлігі қала аумағында «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр. Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі таңда 365 гектар өнеркәсіптік аймағының инфрақұрылым жүйелерінің І және ІІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бірнеше жоба жүзеге асыру бойынша нақты келісімдер бар. Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймаққа ірі инвесторларды тарту көзделген.

Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе тігін фабрикасын ашты. Тігін фабрикасы Түркістанның индустриалды аймағында салынған. Жобаны іске қосуға 700 миллион теңге жұмсалды. Өндірістің қуаттылығы айына 13 мың тоқыма бұйымдарын шығаруға бағытталған. Кәсіпорын әйелдер үшін 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын ашады. Сонымен қатар, үкімет басшылары екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын талқылады. Тараптар жылдық тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сондай-ақ, көрші елдің инвесторлары Түркістанның индустриалды паркінде газ плита мен су жылытқыш құрылғылар өндіруге ниетті. Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Арнайы экономикалық аймаққа коммуналдық желі толықтай тартылған. Енді осы жерге іргедегі көршілер зауыт салатын болса, шарапатын қос тарап бірдей көрмек. Біріншіден, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Әрі тұрмыстық техниканың бағасы тұтынушылар үшін әлдеқайда арзандауы мүмкін.

Бүгінде Түркістан қаласында шағын және орта кәсіп экономиканың дамуында айрықша рөл атқарып жатқаны аңғарылады. Цифрларды сөйлетсек, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш – жалпы өңірлік өнім көлемі 222,6 миллиард теңгеге жетіп, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 15 пайызға артты. Қазіргі таңда аймақта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім жарты жылдықтағы шығарылымы 82,8 миллиард теңгені құрап, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 11,3 пайыз артқан. 

Сала мамандары былтыр инвестиция саласы бойынша көрсеткіште оң динамика қалыптасқанын айтады. Яғни, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 245,8 миллиард теңгені құрап, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 23,3 пайызға өскен. Оның ішінде, жеке инвестиция көлемі 154,6 миллиард теңгені құрап, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 55 пайызды құраған. «Соңғы бес жылдағы өзгерістер қала дамуына жаңа мүмкіндіктер ашқанын ерекше атап өткен жөн. Халық табысының өсуіне және олардың әл-ауқатына оң әсерін тигізетін жобаларды жүзеге асыруға облыс орталығында барлық жағдайлар қарастырылған. Сол себепті, қазір жекеменшік секторды нығайтуға арналған ауқымды реформаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті арттыруға, жалпы, экономиканың өсуіне ықпал етері сөзсіз.

Расында, халық табысының өсуі үшін көптеген жағдайлар жасалғандықтан, қаламызда кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар саны артып келеді. Кәсіпкерлікті жүргізу үшін өңірде қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Бизнес үшін қаржылай қолдау шаралары қолжетімді. «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары кәсіпкерлерге айтарлықтай ықпалын тигізіп жатыр. Осы бағдарламалар арқылы кәсіпкерлер 17 миллиард теңгеге жеңілдетілген несиелерді пайдаланды. Жалпы, бағдарламаларды орындау бойынша өңір республикада алғашқы үштіктің қатарында келеді. Бұдан басқа жергілікті деңгейде жас кәсіпкерлер және стартап жобаларды қолдау үшін қажетті бағдарламалар қабылданған. Мәселен, кәсіпкерлер жаңадан құрылған «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген 6 пайызбен несие ала алады. Бүгінде бұл мүмкіндікті кәсіпкерлер ұтымды пайдаланып, 1,8 миллиард теңгеге қаржыланып отыр, - дейді қала әкімі. 

Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикасында серпінді жобалар баршылық
Түркістан қаласында өнеркәсіп өндірісі қолдау табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу