Түркістан – түркі әлемінің келіссөз орталығы
23-04-2025
Түркістан қаласында қоғамдық көліктердің паркін жаңарту және санын артыру шаһар басшылығы тарапынан жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Міне, бүгінгі таңда қала аумағында 22 бағыт бойынша 683 аялдама жұмыс істейді. Бұл бағыттарға 200-ден аса автобус қызмет көрсетуде. Қоғамдық көліктердің басым бөлігі – кең әрі жайлы, салқындатқыш құрылғылармен жабдықталған жаңа үлгідегі автобустар.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының айтуынша, шаһардағы халыққа қызмет көрсетіп жүрген қоғамдық көліктердің басым бөлігі жаңа. Ол қоғамдық көліктер көршілес Өзбекстан республикасында шығарылған. Олардың ұзындығы 9 метрді, орын саны 25, ал жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Автобустар төмен еденді, пандуспен және 6 бейнебақылау құрылғысымен жабдықталған.
– Жылсанап қалада автобустар пакі жаңартылуда. Қоғамдық тасымалмен айналысатын кәсіпкерлер мемлекет тарапынан субсидияланып, жаңа көліктер алуына мүмкіндік жасалуда. Мемлекет қаржысы ел игілігіне жұмысалуда. Біз жаңа келген автобустар есебінен Түркістан қаласына осыдан 4-5 жыл бұрын енгізілген індетке байланысты төтенше жағдайлар кезінде тоқтап қалған бірқатар бағыттарды қалпына келтіріп отырмыз. Жалпы қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту уақыт талабы. Ескі көліктерді жаңа көліктермен алмастырып, шаһардағы автобустарды жаңартуды жалғастыра береміз. Біз заман ағымына, уақыт талабына сәйкес халыққа қызмет көрсетуіміз тиіс. Автобустардың мүмкіндігі шектеулі азаматардың мініп-түсуіне, ыстықта ауа салқындатқышпен, қалта ұрлығын азайтуда бейне бақылау камерасымен жабдықталғаны маңызды. Бүгінгі күні жаңа үлгіде заманауи құрал-жабдықталған жаңа қоғамдық көліктер жолаушылар талғамынан шығады деген сенімдемін. Сонымен қатар қала сыртындағы, шалғай аудандарға қатынайтын бағыттар ашып, қоғамдық көлік бағытын көбейту тапсырылып отыр жолаушы тасымалымен айналысатын компанияларға, – дейді қала басшысы.
Ал жолаушылардың қоғамдық көлікте жүріп-тұруы және төлем жасау үшін ALEMPAY электронды төлем карталары, QR-код, банктік карталар, SMS төлем сияқты заманауи әдістер қолданылады. Бұл жүйе 2024 жылдың 18 мамырынан бастап толық енгізілді. Жол жүру құны электронды төлем арқылы – 70 теңге, ал қолма-қол төлем – 100 теңге. Жолаушылар үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мектеп оқушылары 50 пайыз жеңілдікпен жүреді, Ұлы Отан соғыс ардагерлері және «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тегін жүреді.