Түркістан – түркі әлемінің келіссөз орталығы
23-04-2025
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Түркістан қаласында кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда.
«Президентіміз Жолдауында: «Кәсіпкерлер – еліміздің цифрлық дамуының қозғаушы күші болуы тиіс» деп атап өткендей, осыған сәйкес Түркістан қаласында кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде», дейді қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.
Оның айтуынша, 2025 жылдың алғашқы сегіз айында Түркістан қаласы аумағында жалпы құны 5,3 миллиард теңгені құрайтын 17 жоба іске асырылып, нәтижесінде 193 жаңа жұмыс орны ашылған. Кәсіпкерлікті қолдау аясында өнеркәсіп, білім, логистика, медицина, жеңіл өнеркәсіп және өзге де салалар бойынша жобалар екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылуда. Ал арнайы экономикалық аймақта қазіргі таңда 9 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 2956 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар, индустриалды аймақта 23 жоба іске қосылып, 961 адам жұмыспен қамтылды. Жоспарланған жобалар шеңберінде шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ірі кәсіпорындар құрылуда.
Президент өз сөзінде орнықты экономикалық өсімге, ел экономикасын қайта жаңғыртуға, кәсіпкерлік ортаны жақсартуға, тұрғындардың тұрмысын арттыруға, сонымен бірге, ауыл шаруашылығы саласында нәтижелі жұмыс жүргізуге бағытталған басымдықтарды нақты атап көрсетіп келеді. Жалпы Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» екенін айта келіп, бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелердің барына тоқталған болатын. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек екенін, ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін ірі экожүйе қалыптастыру қажеттігін алдымызға қойған еді. Бүгінгі күні бұл бағытта Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Мәселен, осы жылдың қаңтар-тамыз айларында белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 22010-ға жетіп, онда 34500 адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы өңірлік өнімнің 65-68 пайызын құрайды. Бизнесті қолдау шеңберінде 30 жобаға 4,2 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.
Президент «Кәсіпкерлер – еліміздің цифрлық дамуының қозғаушы күші болуы тиіс» деп атап өткендей, Түркістан қаласында жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. «Жалпы биылғы Жолдауда цифрландыру жүйесін дамыту, елге инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы олқылықтар – барлығы Президент назарынан тыс қалмады. Сондай-ақ Президент Жолдауында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау қажеттігін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі» деген сөзі – жас кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік пен үлкен сенімнің белгісі. Бұл – тек жаңа жұмыс орындарын ашу немесе экономикалық пайда әкелу емес, бұл – жастарды дербес ойлауға, тәуекелшіл болуға, өз арманын жүзеге асыруға шақыру. Кәсіп ашуға ұмтылған әрбір жас – ел дамуының тірегі, қоғамға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Бүгінде мемлекет тарапынан түрлі гранттар, жеңілдетілген несиелер, оқыту және тәлімгерлік бағдарламалар қарастырылған. Бұл қолдау – жастардың өз ісін ашып қана қоймай, оны табысты жүргізуіне жол ашады. Бүгінгі күні Түркістан қаласының өзінде көптеген жас бизнеске қадам басып, қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып жүр. Бірі экологиялық таза өнім өндіруді қолға алса, бірі білім беру орталықтарын ашып, балалардың дамуына үлес қосуда. Осындай мысалдар жастардың әлеуеті зор екенін көрсетеді» дейді қала басшысы.
Президент атап өткендей, жастардың басты миссиясы – елге пайдасын тигізу. Ал мемлекет пен қоғам сол арманды жүзеге асыруға қолдау білдіруі тиіс. Сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту, азаматтардың жағдайын жақсарту, кәсіпкерлік саласын дамытуда бірқатар оңды ұсыныстар айтты. Бізге қазір өндірілген өнімді терең өңдеу, өнімнің шикізат күйінде қалып қоймауына назар аудару қажет. Бүгінгі күні Түркістан қаласында бұл бағытта жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Қорыта айтқанда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһарда кәсіпкерлік саланың дамуына көп көңіл бөліп, тиісті бөлімдерге тапсырмалар мен міндеттемелер беріп қадағалап отырады. Айталық, қала әкімі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында «Turkistan» кәсіпкерлікті қолдау орталығымен тығыз байланыс орнатып, жұмыстарды жандандыруды, қала аумағындағы кәсіпкерлермен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, оларға қажетті қаржылай қолдау шараларын қамтамасыз етуді, жас кәсіпкерлер форумын ұйымдастырып, индустриалды аймақтағы жобаларға және жалпы қаладағы кәсіпкерлік қызметке тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, сондай-ақ қалаға шетелдік және жергілікті инвесторларды тарту жұмыстарын күшейтуді кәсіпкерлік бөлімге тапсырған болатын. Жоғарыда көріп отырғандарыңыздай Түркістан қаласында кәсіпкерлік салада атқарылған жобалар өз жемісін беріп, оның игілігін ел көруде.