Түркістан қаласының инфрақұрылымында оң серпіліс бар

Oinet.kz 08-09-2025 23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде қоғамда экологиялық құндылықтарды, табиғатқа деген қамқорлық қатынасты қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде. 

Screenshot_2.jpg

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағын көгалдандыру және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен, оған бөлінген қаржының игерілу барысымен танысты.

Шаһар басшысы алдымен Б.Саттарханов даңғылында атқарылып жатқан гүл егу жұмыстарын, Әуежай жолы бойындағы көгалдандыру шараларын, сондай-ақ С.Қожанов көшесінің абаттандырылу барысын бақылады. «Бүгінгі күні Түркістан қаласының абаттандырылуына жақсы көңіл бөлініп отыр. Сонымен бірге тазалық жұмыстары да апта сайын жүргізілуде. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру. Сондықтан да Түркістан қаласындағы абаттандыру жұмыстары қаланың бас жоспарына сәйкес атқарылуда. Тал-дарақ, гүлзарлар құрылысына бөлінген қаржы да мақсатты жұмысалып жатқанын көріп отырмыз», дейді қала басшысы.

Жалпы елімізде жүріп жатқан экологиялық акция барған сайын қоғам өмірінің саналы бөлігіне айналып келеді. Аулаларын, көшелерін, саябақтарын таза ұстап, ағаш отырғызуға, сенбіліктерге және қоршаған орта мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған басқа да іс-шараларға белсене қатысатын қазақстандықтар көбейіп келеді. Бастама іске қосылғалы бері Түркістан қаласының азаматтары да экологиялық акцияға қатысып, өз үлестерін қосып келе жатқаны қуантады. 

Сонымен қатар қала әкімі айналма жол аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысты. Қаланың негізгі магистральды көшелері – Әуежай тас жолы мен Б.Саттарханов даңғылы бойында түрлі ағаш түрлері отырғызылуда. Ал аталған жолдардың қиылысына 21791 шаршы метрді құрайтын «Лаванда алқабын» салу жоспарлануда.

– Биылғы жылы Түркістан қаласы бойынша көгалдандыру жұмыстары жалпы 772 гектар аумақты қамтып отыр. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 238 мыңнан астам ағаш пен бұталарды отырғызу көзделген. Оның ішінде көктемгі маусымда 80375 түп ағаш пен 67310 түп бұта отырғызылса, күзгі кезеңде қосымша 134250 түп ағаш және 129350 түп бұта отырғызылады. Сонымен қатар, 128 гектар аяқжол аумақтарында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде, – дейді қала әкімі.

Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» бастамасы жүйелі тәсіл, саяси ерік-жігер мен азаматтардың белсенді қатысуы нақты нәтиже бере алатынын көрсететті. Ел тұрақты экологиялық даму бағытында айқындады, бұл бастама әрбір тұрғынның қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үшін берік негіз жасады.

Қала әкімінің айтуынша, шаһар аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Кентау тас жолы бойындағы айналма жол құрылысы. Жалпы аумағы 17,8 гектарды құрайтын бұл нысанда 150770 шаршы метр жерге көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы басталған жобаның мердігері – «GARANT STROY KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Жоба аясында айналма жолмен қатар желілік саябақ та салынып жатыр. Мұндағы шағын және орта бизнес өкілдері қала билігімен бірге табиғатты қорғау бастамаларын жүзеге асыруда маңызды серіктестер болуда. Түркістандағы көптеген бизнес өкілдері қазірдің өзінде-ақ «Таза Қазақстан» аясындағы іс-шараларға қатысып, орнықты технологияларды енгізуде және өздері орналасқан өңірлердегі экожобаларды қолдауда.

Жоғарыда аталған нысандар мен құрылыс алаңдарындағы абаттандыру жұмысының барысымен жақынырақ танысқан қала әкімі жауапты мекеме басшыларына көгалдандыру және құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге отырғызылған ағаштар мен гүлдердің күтімін жүйелі ұйымдастыруды, абаттандыру іс-шараларын маусымдық жоспарға сәйкес жүргізуді міндеттеді.

Түркістан қаласында кәсіпкерлерді қолдау аясы кеңейіп келеді
Жылыту маусымына дайындық – бұл ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруінің кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу