Көпір құрылысы – аудан әкімінің назарында

Oinet.kz 23-07-2025 19

Сайрам ауданы соңғы жылдары қарқынды дамып, тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. 

Screenshot_28.jpg

Экономиканың тұрақты өсуі мен халық санының көбеюі көлік қозғалысына түсетін жүктемені арттырғаны белгілі. Осыған байланысты жол инфрақұрылымын жаңарту – басты міндеттердің бірі болып отыр.

Осы мақсатта аудан аумағында көлік кептелісін азайтуға бағытталған жаңа көпір құрылысы қолға алынған. Бұл нысан – тек жол қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің логистикалық мүмкіндігін кеңейтетін маңызды жоба. Көпірдің іске қосылуы автокөлік қозғалысының қарқынын арттырып, жүктердің және ауыл шаруашылығы өнімдерінің тасымалын жылдамдатуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының дамуына оң ықпал етеді.

Аудан әкімі Арман Сәбитов құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жұмыстың сапасы мен қарқынына ерекше назар аударған аудан басшысы:

«Бұл көпір – тұрғындардың игілігі үшін салынуда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қозғалысты жеңілдету және экономикалық тиімділікті арттыру – басты мақсатымыз. Сондықтан мердігер мекемелер жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауы тиіс», – деді.

Әкімдік тарапынан құрылыс барысына тұрақты бақылау жүргізілетін болады.

Көпірдің пайдалануға берілуі көлік ағынын реттеуге, жол кептелісін жоюға және уақыт үнемдеуге жол ашады. Сонымен қатар, ішкі сауданың жандануына және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

С.АБЫЛБЕКОВА

Сайрамда жылыжай шаруашылығы даму үстінде
Құрылыс қарқыны партия бақылауында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу