Сайрамда Айнабұлақ көшесі кеңейтіліп жатыр

Oinet.kz 21-07-2025 21

Сайрам ауданы – әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды, инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңарып жатқан өңірлердің бірі. 

Screenshot_24.jpg

Мұнда тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруі мен бизнестің еркін дамуы үшін жол-көлік қатынасының жақсаруы аса маңызды. Осы орайда аудан әкімі Арман Сабитов Ақсукент – Ақбұлақ бағыты бойынша орналасқан Айнабұлақ көшесінде жүргізіліп жатқан жолды кеңейту және қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Қыс мезгілінде жүргізушілерге кедергі келтіретін, жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін қырлы бөлік қауіпті нүкте ретінде белгіленіп, жолды кеңейту басталды. Бұл бастама аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қозғалыс тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Арман Сәбитов жұмыс сапары барысында мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеп, жол сапасына ерекше назар аударды. Ол инфрақұрылымдық жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуының тұрғындар игілігімен қатар, экономикалық белсенділікті арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Себебі, жол – тек қатынас құралы ғана емес, өңір экономикасының күре тамыры.

Жол-көлік жүйесінің жақсаруы – тауар айналымын жеделдетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығына кедергісіз жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бағытта орналасқан елді мекендерде шағын және орта бизнестің дамуына жол ашады.

С.СӘУЛЕБАЙ

Сайрамда ірі ет кластерінің құрылысы жүріп жатыр
Сайрамда жоспарлар сараланып, жауапкершілік күшейтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу