ШҚО: Глубокое ауданының Бобровка ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Oinet.kz 19-07-2025 233

Глубокое ауданының Бобровка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа дәрігерлік амбулаториялардың салтанатты ашылуы өтті.

Screenshot_2.jpg

Аталған жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерде медициналық инфрақұрылымды жақсарту арқылы тұрғындардың аудан орталығына немесе қалаға шықпай-ақ, өз ауылында сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік жасау.

Жаңа амбулаториялар қажетті медициналық жабдықтармен және жиһаздармен толықтай жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындарына дер кезінде диагностика жүргізуге, аурулардың алдын алуға және скринингтік тексерулер ұйымдастыруға жағдай жасайды. Соның нәтижесінде ауыл халқының денсаулығы нығайып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артады деп күтілуде.

2023–2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысында осы жоба аясында 36 медициналық нысан салу жоспарланған. Оның ішінде 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 27 медициналық пункт бар.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Алматыда болашақ орманға топырақ дайындап жатыр: ірі орман тәлімбағын салу жоспарланған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу