АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

Oinet.kz 01-10-2024 488

Бүгінде барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету - стратегиялық мәселе. 

1000231678.jpg

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды.

Мәселен, «World Nuclear News» (Дүниежүзілік ядролық қауымдастық) мәліметі бойынша, 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ-та 13 500 адамға онлайн-сұрау жүргізілген. Бәрі де атом энергетикасын айрықша қолдаған, әсіресе Польша, Франция, Швециядағы қолдау көрсеткіші өте жоғары болыпты.

Қазіргі таңда, Қытайда 50 жылу электр орталығы жабылуда. Соңғы екі жылда олардың энергия балансындағы үлесі 13 пайызға дейін қысқарды. Олар атомдық энергия блоктарымен ауыстырылады. Қазіргі уақытта атом электр станциясының үлесі 5 пайызды құрайды. Жақын арада оны 10 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. Айта кету керек, Атом энергоблоктары электр энергиясын өндіріп қана қоймай, мегаполистердің жылыту жүйелерін және өнеркәсіптік кәсіпорындарды бу мен сутегімен қамтамасыз етеді екен.

Алда маңызды кезең – жалпыхалықтық референдум күтіп тұр. Бұл ретте, бейбіт атом – ел экономикасының өсіміне оң әсер тигізетін сенімді және тұрақты энергия көзі.

Өнеркәсіп дамып, жаңа жұмыс орындары құрылып, халықтың әл-ауқаты артады. АЭС құрылысы жүретін өлкенің инфрақұрылымы жетіліп, аймаққа мультиплика­тив­ті әсерін береді. Экология­лық тұрғыдан да пайдасы көп. 

Сарапшы мамандардың сөзінше, атом энергетикасы төмен көміртекті болғандықтан, ауаға парниктік газдар тарамайды. Сонымен қатар атом энергиясы қазба байлықты тұтыну көлемін қысқартып, табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік береді. АЭС-тің пайдалануға берілуі елдегі ядролық технологияның дамуына да серпін сыйлайды. 

Соның нәтижесінде көмірсутегі экспортына деген тәуелділікті төмендетіп, елдің энергетикалық тепе-теңдігін әрта­раптандыра аламыз.

Раимжан Алибаев,

«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы, ҚХА мүшесі

Жастармен кездесуде діни экстремизмнің қауіптілігі түсіндірілді
Телескоп шығарған білім ордасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу