Жастармен кездесуде діни экстремизмнің қауіптілігі түсіндірілді

Oinet.kz 01-10-2024 471

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің қолдауымен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. 

Screenshot_5.jpg

Бұл іс-сапардың негізгі мақсаты – жастардың діни экстремизм мен терроризмге қарсы санасын қалыптастыру және оларды құқықтық және азаматтық жауапкершілікке баулу. Сондай-ақ, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу, олардың қауіп-қатерінен сақтандыру мәселелері де көтерілді.

Іс-сапар барысында барлығы 20-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, 800-ден астам адам қамтылды. Іс-шаралар барысында жастардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл іс-шараға бірқатар сарапшылар мен мамандар қатысты, олардың ішінде: «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD докторы Бауыржан Ботақараев, Жамбыл облысының «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы, теолог Әбілхайыр Сабырұлы, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Мәди Бесбаев, Шымкент қаласы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» қызметкері Саян Тілләбек және Жамбыл облысындағы «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» басшы орынбасары, психолог Бақдәулет Тілеухан бар. 

Түсіндіру тобының мүшелері Шымкент қаласының мектептері, колледждері және жоғары оқу орындарының базасында болды. Олар жастар арасында «Интернет кеңістігіндегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Ислам дініндегі тағаттылық пен зайырлылық ұғымы», «Дін – тәрбиенің рухани тірегі», «Конфессияаралық ынтымақтастықтағы зайырлы қоғамның маңыздылығы» сияқты маңызды тақырыптарды талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар аясында өткізілген бұл іс-шараларға жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері белсенді түрде қатысып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Экстремизм мен радикализм қаупіне қарсы алдын алу шараларының маңыздылығы туралы жан-жақты мәлімет берілді.

АЭС – заман талабы
АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу