Академик Жұмахан Үшкемпірұлы «Құрметті профессор» атанды

Oinet.kz 16-04-2024 1943

«Оқу – бұл әлі ештеңені мандытпайды, нені оқу керек және оқығанда көңілге қалай тоқу керек – ең үлкен шаруа, міне, осында», дейді К.Д.Ушинский. Осы үлкен шаруа аясында жуырда Әуезов университетінде «Сәуір – ғылым айы» іс-шарасында академик Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының 70 жылдығына орай «Инженерлік білім және ғылым: цифрлық экономиканың сын-қатерлері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. 

Screenshot_14.jpg

Президент тапсырмасына сәйкес ақпараттық технологиялар саласына келер жылға дейін 100 мың кадр даярлау міндеті тұр. Бүгінде еліміздегі оқу орындарының 80-нен астамы IT саласына маман даярлайды. Бірақ олардың көпшілігінде білім беру бағдарламасына қатысты туындап отырған түйткілдер баршылық.

Елімізде орын алған соңғы оқиғаларға байланысты Мемлекет басшысы инженерлер даярлау жүйесін қалыптастыру  бойынша ел Үкіметіне тапсырмалар жүктеді. Бұдан бөлек, жоғарғы білім беру жүйесінде инженердің жаңа моделін қалыптастыру,  білім беру бағдарламаларына заманауи талаптарға сәйкес өзгерістер енгізу, жасанды интеллекті пайдаға жарату, жаңа технологияларды енгізу – бүгінгі таңдағы инженерлік-техникалық саланың маңызды мәселелері сынды өзекті тақырыптар аталған конференцияға арқау болды. 

Screenshot_12.jpg

Ғылыми басқосуды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – Ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов жүргізіп отырды. 

Конференцияға еліміздің және алыс-жақын шет мемлекеттердің ғалымдары, университеттің оқытушы-профессорлары, өндіріс орындарының басшылары және білім алушылар қатысты. Сондай-ақ, Түркістан облысының «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, ҚР Ұлттық инжинерлік академиясының вице-президенті, академик Нұрлан Темірбеков қонақта болды.

Ж.Ү.Мырхалықов - 2012-2018 жылдары М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да ректор қызметін атқарған. Ол  техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік ғылым академиясының академигі, Халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі. Білім мен ғылым саласын дамытуда, мамандар даярлауда, өндіріс пен ғылымды байланыстыруда Жұмахан Үшкемпірұлының еңбегі орасан. 

Жиын барысында Қайрат Еңбекшіұлы академик Жұмахан Үшкемпірұлының білім мен ғылым саласындағы жетістіктеріне тоқталып, 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, университеттің «Құрметті профессоры» куәлігі және «М.Әуезов» төсбелгісін табыс етті.

Screenshot_15.jpg

Одан бөлек, конференцияда ҚР Ұлттық инжинерлік академиясының вице-президенті, академик Н. Муханұлы «Аймақтық экологиялық саясатты қолдау және шешім қабылдау үшін сандық аналитикалық платформа құру»;  Ж.Ташенев университетінің ректоры, т.ғ.к. профессор Қ.Байболов «Цифрлық трансформация жағдайында инженердің жаңа моделін қалыптастыру: мемлекеттің, кәсіпорындардың және университеттің өзара іс-қимылы»; т.ғ.д. профессор ЖҒРА және ХИНА академигі, «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер интеграциясы институтының директоры С.Мәжитов «Гуманитарлық компонент - қазіргі заманғы инженерияны дамытудың негізгі факторы»; У.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және коммерцияландыру бөлімінің басшысы, академик А. Джомартов «Кабельдік параллель роботтарды практикалық қолдану» тақырыптарында баяндама жасады.

«Киелі мекен»: Ордабасыда көне Ишанбазар мешітінің аумағында көгалдандыру жұмыстары жүрді
«Киелі мекен»: Түркістанда қазақ хандығына арналған мемориалдық кешен аумағы қоқыстан тазартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу