«Ауыл аманаты» бойынша рейтинг жасалады
Түркістан облысы Шардара ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының іске асырылуы барысы туралы жиын өтті. Бұл туралы Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы төрағалық етті. Оған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, жобаға қатысушы ауыл округі әкімдері мен жауапты мамандары, тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, кооператив төрағалары селекторлық режимде қатысты. Жиында аудандар арасында жобаның атқарылуы барысы талқыланып, күнделікті, апта сайын, ай сайынғы аудандар арасында рейтинг жасалынатыны баяндалды. Сонымен қатар, жобаға бөлінген қаражаттың тиімді сапалы игерілуін мақсатты жұмсалуы бойынша аудандарға нақты тапсырмалар жүктелді.
Бұдан бөлек, жиында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күзгі дала жұмыстарына бөлінген жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі мен жазғы вегетациялық ағын су мәселелері талқыланып, аудандарға нақты тиісті тапсырмалар жүктелді.
Осыған орай, жоба қатысушы ауыл округі әкімдері, мамандары мен кооператив төрағалары, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдері қызметкерлері және «Ырыс» МҚҰ өкілдерімен «Ауыл аманаты» жобасының ауданда атқарылуы барысы туралы жиын өткізілді. Мәжілісте облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларына сәйкес, несие комитетінде мақұлданған жобаларды құжаттарын рәсімдеп, қысқа мерзім ішінде несие қаржы алуына ықпал ету, ауданда өз деңгейінде орындалуы, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі, «Ырыс» МҚҰ мен «Түркістан» ӘКК-мен тығыз байланыста жұмыс жасау қажеттілігі айтылып, ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.