Жетісай: Инвестицияның көлемі көбейіп келеді

Oinet.kz 23-07-2023 178

46.jpg

Еліміздегі ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартып, тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру саясатын жүзеге асыруда ерекше табандылық танытып отырған Жетісай ауданында аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Азаматтарға кәсіпкерлік негіздері бойынша қолдау көрсетіліп, әлеуметтік бос жұмыс орындарын қажетті мамандармен қамтамасыз ету ісі қарқынды.

Жетісай ауданына қарасты Абай ауылдық округінің әкімі Бағдат Оспановтың мәліметінше биылғы жылдың екінші жарты жылдығына атаулы әлеуметтік көмек алуға тапсырылған 248 құжаттың 7-еуінің табысы кедейшілік шегінен асып кеткендіктен кері қайтарылған. Ал, ақылы қоғамдық жұмыста нақты 37 тұрғын жұмыс атқаруда. Бұл үй шаруасы мен бала тәрбиесіне байланып, жұмыссыз отырған жандар үшін де таптырмас мүмкіндік.

Жетісай ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  ауылдық округ тұрғындары жеке кәсіпкерлер тарапынан да жұмыспен қамтылғандар аз емес. Абай ауылдық округі халқының негізгі күн көріс көзі ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан жеке шаруа қожалықтарда жұмыс жасап, нәпақы тауып күнелтіп жатыр.

Бүгінде 6 елді мекеннен құрылған округтің 3104 гектар жерінің 2476,3 гектары суармалы, 9,8 гектары жайылымдық алқап.

Биылғы жылға округ дихандары егістік жерлеріне мақта шикізаты мен бау-бақша тұқымын сеуіп, көпжылдық жүзім мен қара өріктің көшетін отырғызған. Жалпы алғанда, ерте пісетін диханшылық түрлерінен 59 073 тонна өнім жиналған.

Жетісай ауданынан шалғай орналасқан Абай ауылдық окргінің тыныс-тірлішігі көпке үлгі. Жыл сайын ауылдың әл-ауқаты артып, кәсіпкерлер саны артуда. Өткен жылы жеке және мемлекеттік қаржылар есебінен округке 202 млн теңге инвестиция тартылған болса, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысымен бері бұл көрсеткіш 140 млн теңгеге жеткен.


Төлеби ауданы: 125 отбасы баспаналы болады
Сайрам: Ең бастысы -сапалы инфрақұрылым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу