Сауранда полиэтилен құбырлары шығарылмақ

Oinet.kz 25-07-2023 482

44.jpg

Облыс әкімінің тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өӊдеу мәселесін шешу туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде «Sauran plast» өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан шикізат шығаруды қолға алып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін арнайы 3 га жер бөлініп, 1 кезеңі атқарылды. Алдағы уақытта өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы полиэтилен құбырын шығаруды көздеп отыр.

Өндіріс орнының басшысы Қанат Көшербаевтың айтуынша, аудан аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңдеуде. Алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, осы шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Жобаның қуаттылығы жылына 500 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі күні 

зауытта 15 адам еңбек етеді. 

Өндірістің жоба құны 675,0 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда 2 кезеңнің жұмыстары және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шаралары атқарылуда. Сонымен қатар қосымша құрал-жабдықтар сатып алу үшін екінші деңгейлі банк арқылы 300,0 млн. теңгені қаржыландыру күтілуде.

Аудан әкімдігі тарапынан барлық ауылдық округ әкімдеріне ауылдарда жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарын осында өткізу бойынша тапсырма жүктелді.


Кентаудың жылу орталығында күрделі жөндеу жүргізілуде
Төлеби ауданы: 125 отбасы баспаналы болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу