Таукенттің қысқа дайындығы тексерілді

Oinet.kz 25-07-2023 371

40.jpg

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентіне барып, «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандығында жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Онда сала мамандары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтап, сапалы атқаруды тапсырды.

– Алдағы жылыту маусымына жан-жақты дайын болуымыз керек. Бұған дейін өткен жылы кездескен кейбір кемшіліктер сарапталып, орнын толтыру мақсатында жылыту маусымына қатысты іс-шаралар жоспары бекітілді. Кент округтердегі орталықтандырылған жылу қазандықтарына қатысты қажетті шараларды қабылдап, бар мүмкіндікті қарастырып бердім. Енді тек қана жұмысты үйлестіріп, тұрақты әрі сапалы түрде атқару керек. Басты мәселе халықты маусымында сапалы жылумен қамту, - деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы осы бағыттағы жұмыстары тікелей бақылауында ұстайтынын айтты. 

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәулет Құдайбергеновтің айтуынша, бірқатар тұрғын үйлерде қора-жай мен көлік тұрақтарына дейін жылу жүйелерін орнатылғаны анықталған. Осы ретте түсіндіру жұмыстары да қолға алынып, кіргізген жылу жүйелерін қырқу жөнінде ескерту шаралары жүріп жатыр дейді. 

Айта кетейік, бұған дейін Таукент кентінің жылу жүйесіне (жылу трассасына) техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін «Standard A» ЖШС-мен келісім-шарт түзілген. Аталған мекеме тарапынан жылу жүйесіне техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда анықталған кемшіліктер бойынша Таукент кентіне жылу беруші мекеме «Шолаққорған-Су» МКК-на тиесілі жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттама әзірленіп, қаржысы қаралды. Жөндеу жұмыстары толықтай басталып, бұған дейінгі осал тұстары жойылып жатыр.


Түркістан: Жібек кластерін дамыту қолға алынуда
Түркістан: Балық өсіретін шаруашылықтар көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу