Өңірлік комиссия мүшелері марапатталды

Oinet.kz 20-04-2023 140

27.jpg

Түркістан қаласында Ғылым қызметкерлері күні мерекесіне орай Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Келелі жиынға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ғылым қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтап, оларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хаты мен Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады.

«Өздеріңізге белгілі, ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру, оларды ақтау үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін мемлекеттік және өңірлік комиссиялар құрылып, жұмыс жүргізуде. Түркістан облысы бойынша құрылған комиссия құрамында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанның және шет елдердегі құжаттарды құпиясыздандырып, жинақтап, негізсіз жазаланған азаматтарды ақтау бойынша жасап жатқан еңбектеріңіз орасан зор», - деді Бейсен Дәулетұлы.

Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия 2021 жылғы 14 қаңтарда құрылып, жұмысына архив қызметкерлерімен қатар, PHD докторлары, профессорлар, кандидаттар мен мүдделі мекеме қызметкерлері тартылған. Сондай-ақ, облыстағы 17 аудан, қалада тұрғындармен тікелей байланыс орнату мақсатында облыстық жауапты басқармалар мен аудан, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары бекітілген. Осы орайда, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Комиссияның жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қажетті қаражат қарастырылып отыр. Қазіргі таңда «Алаш қозғалысы» және «Халық жады» бағыттары бойынша қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Түркістан облысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған 8 монументтік және мемориалдық ескерткіш орнатылған.


Жанармай тапшылығын болдырмау үшін...
«Қоныс аудару» жәрмеңкесі Мақтааралдан басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу