«Мектептерге күн энергиясы» жобасы басталды

Oinet.kz 21-04-2023 212

14.jpg

Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде (NIS) күн сәулесінен энергия алатын станция өз жұмысын бастады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нысанның ашылуына Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және ТМД елдеріндегі «Шелл» компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі вице-президенті Джоанна Кунсберг, «Мектептерге күн энергиясы» жобасының жетекшісі Ринат Хусаинов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Күләш Шәмшидинова қатысты.

2022 жылы құрылысы басталған нысанның жалпы ұзындығы – 75 метр, биіктігі – 5 метрге жуық.

«Шелл» энергетикалық ұйымының қолдауымен ашылған станцияның фотоэлектр тақталары мектепте 100 кВт энергия шығаратын күшке ие. 

Жүйе мектептің бір жылда тұтынатын электр қуатының 30%-на дейін қамтуға, коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды қысқартуға, өндірілген энергияның артық бөлігін қала желілеріне бағыттауға, солайша энергияны едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Нысан «Мектептерге күн энергиясы» атты халықаралық пилоттық жоба аясында іске қосылды. Аталған жоба бірнеше өзекті мәселені шешуді көздейді: жас буынның жаратылыстану ғылымдарына, технологияға, инновацияға және кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандағы энергетикалық ауысым туралы білімдерін нығайтуға көмектеседі. Жоба Қазақстанның 5 қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында іске асырылуда. Олар: Астана, Орал, Атырау, Ақтау және Түркістан. 

Жалпы, станция – NIS пен «Шелл» арасындағы «Мектептерге күн энергиясы» бірлескен жобасының бесінші фотоэлектрлік жүйесі. «Шелл» – штаб-пәтері Ұлыбританияның Лондон қаласында орналасқан энергетикалық халықаралық концерн. 

Күн сәулесінен энергия алатын станцияның ашылу рәсімінде шаһар басшысы станция қаланың инфрақұрылымына едәуір көмегі тиетіндігін айтты. 

Сондай-ақ нысан құрушыларына алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Келесі болып сөз алған Джоанна Кунсберг нысанның халықаралық деңгейде танымал қалада орналасқанына қуанышты екенін жеткізді.


Автожолдар саласындағы заңдылықтың жай-күйі туралы
Шекарада инфрақұрылым жақсарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу