«Өнерлі өлке»: Фестиваль шымылдығын Ордабасы ауданы ашты

Oinet.kz 22-04-2023 492

10.jpg

 Түркістанда облыстың 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Ордабасы ауданының мәдениет күндері басталды. 

Шараның алғашқы күнінде Этноауылда қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтіп, ақ әжелердің киіз басу, ұршық иіру, жүн сабау сынды қолөнерге қатысты көрініс көпшілік назарына ұсынылды. 

Әжелер көрінісі ауданның «Жас Толқын» үлгілі балалар мен жасөспірімдер театрының Алтыбақан жанындағы сахналық қойылымымен жалғасын тапты. Жас бүлдіршіндердің жұмбақ жасырып, жаңылтпаш қайталатуы көрерменге ерекше көңіл күй сыйлай алды. 

Шара соңында аудандық өнер мектебі мен «Ордабасы» фольклорлық халық ансамблінің концерттік бағдарламасын тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары оң бағаларын беріп жатты.

Ордабасы ауданының мәдениет күндері үш күнге жоспарланған. Атап айтсақ, 22 сәуір күні 13:00-де Этноауылда қазақтың ұлттық ойындары мен салт-дәстүрлері көрінісі, ұлттық тағамдар көрмесі мен ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көрерменге ұсынылады. 

Ал 23 сәуір күні кешкі сағат 18:00-де "Керуен Сарай" кешенінде Ордабасы ауданы өнерпаздарының қатысуымен өтетін Гала-концерт ауданның мәдениет күндерін қорытындылайтын болады. Әрі қарай 4 ай бойы аудан-қалалар осылайша апта сайын өнерлерін көрсетеді деп жоспарланып отыр. 

Келесі кезекте Отырар ауданының өнерпаздары жалғастырады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Дархан Сатыбалды: Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етіледі
Ұлттық жоба аясында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу