Түркістанда шегірткеге қарсы күрес басталып кетті

Oinet.kz 24-04-2023 451

6.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде көктемгі дала жұмыстары, диқандарға қолдау көрсету шаралары, Марокко шегірткесіне қарсы күрес күшейтілді. Облыс басшысы зиянкес жәндікке қарсы күреске қаржыны уақтылы бөлуге ықпал етіп, жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жалпы, Түркістан облысы бойынша 2023 жылға аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жер үсті желдеткіш бүріккіштерімен 59050 гектарға және әуемен 8240 гектарға жоспарланған.

Бүгінгі күнге Марокко шегірткесінің таралу аумағын зерттеуге жоспарланған 705 мың гектар алқаптың 392 мың гектар алқабы зерттелді. Экономикалық зиянды шегінен асқан алқап облыс бойынша 16800 гектарды құрайды.

 Химиялық өңдеу жұмыстары 2023 жылдың 8 сәуір күні Сарыағаш ауданының Дарбаза ауыл округінде басталды. Сарыағаш ауданы бойынша экономикалық зиянды шегінен асқан 10280 гектар алқаптың 9240 гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

 Арыс қаласында экономикалық зиянды шегінен асқан 3890 гектар алқаптың 3645 гектары өңделіп, 5 жер үсті желдеткіш бүріккіштері жұмыс істеуде.

 Келес ауданы бойынша 1770 гектар алқаптың 1575 гектары 2 жер үсті желдеткіш бүріккіштерімен өңделуде.

 Сауран ауданы бойынша 610 гектардың 260 гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Облыс бойынша бұл жұмыстар «Авиа компания Дельта-Юг» ЖШС-не қарасты 20 дана жер үсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен жүргізілуде. Сонымен қатар 1 АН-2 ұшағы қолданылып жатыр. 


Волейболдан жоғарғы лигада түркістанның «тұран» командасы ел чемпионы атанды
«Өнерлі өлке»: Түркістан облысының 5 жылдығына арналады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу