Мейірімге толы жүрек
Жуырда Созақ аудандық орталық кітапханасы көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейірімге толы жүрек» атты іс-шара өтті. Аталған шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін арнады.
- Биыл ауданымызда алғаш рет «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылып отыр. Мұнда аға буын өкілдері, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті қызметтер көрсетіледі. Бұл орталықта кітапханалық стационардан тыс қызмет көрсету жұмысын бастап, келушілерге түрлі әдеби кітаптармен қамту көзделген. Орталыққа келушілер кітап оқып, білімін арттырып, көңіл көкжиегін кеңейтеді, - деді аудан әкімі.
Аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы, Созақ ауданың құрметті азматтары Төлеген Аққұлиев пен Қасымжан Өміров сөз сөйлеп, іс-шараны ұйымдастырған орталық кітапхана ұжымына алғысын айтты.
Келген қонақтарды әсем әнмен тербеген кітапхана оқырмандары, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.