Ақынның «Күзгі сыр» туындысы сахналанды

Oinet.kz 27-11-2022 202

Бүгін аудандық «Мыңжылқы»  мәдениет үйінде Созақ өлкесінде дарынды тұлғалардың ізін жалғап жүрген киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыры мен ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымның ыстық ілтипатына бөленіп, сонымен қатар проза жанрында да қалам тербеп  жүрген  ақын, жазушы, аудармашы Елнұр Қайратұлының шығармашылығына арналған «Күзге сыр» рухани әдеби-сазды қойылымы өтті.

Screenshot_15.jpg

Салтанатты шара «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздары қойған «Қасқыр ұлыған түн»  атты сахыналық қойылымымен  ашылды. «Қасқыр ұлыған түн» атты прозасы автордың өмірде болған шынайы оқиғалардан бастау алған. Қазіргі таңда бұл проза монологшы Қуат Ахметжанның оқуымен әлеуметтік желіде 750 мыңнан аса қаралым жинаған. 

Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов құттықтау сөз сөйлеп, Елнұр Қайратұлына шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ аудан әкімінің алғыс хаты мен сый сияпатын табыс етті. Сонымен қатар ақын, жазушы, халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі Бөрібай Оразымбет пен  «Казатомпром - SaUran»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қанжуған кенішінің басшысы Асхар Айтжанұлы өнердің өрісін кеңейтіп жүрген Елнұр Қайратұлына деген ыстық ықыластарын білдірді. 

Сондай-ақ есімдері елге таныс Сыздық Борсабаев, Байғали Есенәлиев, Дулыға Ақмолда, Салтанат Айбергенова, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Иранғайып пен Жолдыбай Мұзаппаров сынды қазақ өнерінің майталмандары бейнебаян арқылы құттықтау тілектерін айтты. 

Мерекелік кешке жиналған қонақтарға «Жігіттер» тобының әншісі, «Дарын» мемлекеттік жастар  сыйлығының иегері Ердос Қанаев және қазақ ән өнерінде өзіндік орнын қалдырған Созақбай Талғат, Гүлжайна Ғибатоллақызы, Гүлжанат Мухамеджан, «Мыңжылқы» мәдениет үйінің әншілері Айдос Әлқуат пен Шамшидин Диана Елнұр Қайратұлының сөзіне жазылған әндерді орындап, кешті әсем әнмен әрледі.

Іс-шара соңында тамаша кештің кейіпкері, ақын аудармашы Елнұр Қайратұлын сахна төріне шығып, еліне, жеріне деген құрметін білдіріп, шығармашылығын бағалаған қауымға алғысын жеткізді.

Жастарды әскерге шығарып салды
Мейірімге толы жүрек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу