Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бақылауда
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Бұл тұста, мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтере отырып, бизнес пен халыққа жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамасымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы, олардың процедураларын жетілдіру мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Бұл бағытта, Созақ ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы Н.Үдербаев және «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Бекбергенұлы қоғамдық бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Бұл жолы, қоғамдық бақылауды Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүргізді. Бөлім тарапынан мүгедектігі бар адамдар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және тағы басқа мәселелері бойынша бақылау жүргізді. Бақылау барысында қызмет көрсетуде тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігін жеткізіліп, жұмыс нәтижесінде бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер білдірілді.