Өнер адамдарына құрмет көрсетілді
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков мәдениет пен өнер саласының майталмандарын қабылдады. Қабылдау барысына ауданымыздың өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, мерейін көтеріп жүреген мәдениет қызметкерлері және осы салада қызмет еткен бірқатар өнер иелеріне алғысын білдірді.
- Азаттықтың арайлы таңынан бастап елдің санасын сілкінтуге бағытталған батыл бастамалар мен мазмұнды бағдарламалардың байыппен іске асуына ақын-жазушы, кітапханашы, артистер мен, өнер ошағындағы өзге де мамандардың қосқан үлесі өлшеусіз. Рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор, - деді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков.
Сондай-ақ, аталған сала бойынша көптеген жылдар бойы аянбай еңбек еткен, бірнеше драмалық шығармалар жазған ардагер ұстаз Байділдә Айдарбеков, термеші, әнші Ахмет Жұбанов атындағы саз мектебінің директоры Бекберген Ізбалаев, аудандық мәдениет үйінің қызметкері, әнші Раушан Баймұратоваға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыс етіп, «Созақ үні» газетінің жауапты хатшысы Мақсат Қарғабай аудан көлемінде жер-су аттарын, киелі орындарды зерттеп, түгелдеп жүргені үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапаттады.