Жаңа жылда 60 отбасы баспаналы болады

Oinet.kz 29-11-2022 394

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны құрылыс саласы. Бұл бағытта Төлеби ауданында ілгерілеу бар. Есте болса, жыл басында, Наурыз мерекесінде Төлеби ауданында 120 отбасына пәтер кілті тапсырылған болатын.

Screenshot_31.jpg

Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды пәтермен қамту бағытындағы жұмыстар өз жалғасын тауып, бірінші шағын ауданда 20 пәтерлі 3 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Нысанның сапасын сала мамандары қадағалап, оның белгіленген мерзімде аяқталуын аудан әкімі Төлеген Телғараев өз бақылауында ұстап отыр.  

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 60 отбасына пәтер кілтін тапсыру жоспарлануда. 

- Бүгінгі таңда ауданда 107 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 21 үй «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 –і бабына сәйкес, жергілікті атқарушы орган тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың тізімін санаттар бойынша жасақтады.  Қазіргі күнге аудан бойынша барлығы – 4890  азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тіркелсе, оның көп балалы отбасылар санатында - 1043, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатында – 1998, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері санатында – 1510, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында – 338,  жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған  - 1 отбасы бар, - дейді аудан әкімі Төлеген Телғараев.

Ал Ленгір қаласында бүгінгі күнге дейін  тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды пәтермен қамту бағытында 21 көпқабатты үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ, бүгінгі таңда қызметтік пәтерге 50 сұраныс түскен.  Аудандық тұрғын үй бөлу жөніндегі комиссия соңғы отырысында, комиссия шешімімен Заңның 73 бабына сәйкес 94 азамат  тұрғын үй кезегінен шығарылған. Тұрғын үйлерді жалға беру фактілері бойынша аптасына үш рет тексеру жұмыстары жүргізіліп, 150 дей азаматқа ескерту хат беріліп,  9 тұрғын үй иесіне сот арқылы қайтару процессі жүргізілуде. Тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін түсімдер биылғы жылдың он бір айында  26 миллион 200 мың теңгені құраған. 

Әлем чемпионын құттықтап, оның жерлестерімен кездесті
Ауыл шаруашылығы сан саланы қамтиды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу