Әлем чемпионын құттықтап, оның жерлестерімен кездесті

Oinet.kz 29-11-2022 350

Бүгінде әлемдік біріншіліктер мен халықаралық жарыстарда, түрлі дәрежедегі чемпионаттар мен олимпиадаларда ел намысын қорғап, байрағымызды биікке көтеріп жүрген спортшыларымыз жетерлік. Әнұранымызды асқақтатып, Туымызды биікке көтеріп жүрген жастар Төлеби ауданынан да көптеп шығуда. Соның бірі – боксшы қызымыз Элина Нұрланқызы.

Screenshot_30.jpg

Төлеби аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы Көксәйек ауылдық округ тұрғындарымен болған кездесуде алдымен округтегі М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебінің түлегі Элина Нұрланқызын бокстан Әлем чемпионы атануымен  құттықтап, Алғыс хатты жерлестері алдында табыс етті. 

Он сегіз жастағы Элина Нұрланқызының спортта жеткен жетістіктері аз емес. Ол 2019-2020-2022 жылдары жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды. 2019 жылы Біріккен Аараб Әмірлігі мемлекетінің Футжайра қаласында өткен Азия чемпионатының жүлдегері, спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2022 жылы 54 килограмда Испания мемлекетінің Ла-Нусия қаласында өткен жастар арасында өткен Әлем чемпионатының жүлдегері атанды. 

Марапат соңы аудан әкімінің халықпен кездесуіне ұласты. Аудан әкімі тұрғындар алдында есептік баяндамасын жасады. Оның айтуынша, халықтың тығыз орналасуы мен саны жөнінен аудандағы үшінші елді мекендегі аудандық маңызы бар жолдар – 4,5 шақырымды құраса, қанағаттанарлық жағдайы 86,4 пайыз екен. Биылғы жылы облыстық маңызы бар КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» жолы орта жөндеуден өткізілуде. Бүгінгі күні аталған жолға аяқжол салынып, асфальт төсеу, жарықтандыру, жол белгілерін орнату жұмыстары 2023 жылға өтпелі болғандықтан жалғасын табуда.

Аудан бюджетінен бөлінген қаржыға Көксәйек-Қазақстан елді мекені Сайрамсу өзені арқылы өтетін 0,210 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған өтпелі көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол апаты салдарынан көпірдің перилаларына зақым келген болатын. Бүгінгі таңда перилалары қайта түзетіліп, пайдалануға берілген.

Көксәйек елді мекені Жастар, Әйтеке би және Жіңішке елді мекені Тұрсынбай көшесіндегі газ жүйесінің құрылысы аяқталып, құбырлар газга қосылған. 

Көксәйек елді мекенінің су дебетін ұлғайту мақсатында Жіңішке елді мекеніндегі бұлақ көзінен Көксәйек елді мекеніне диаметрі 110 мм құрайтын 2,9 шақырым жаңа су аққы құбыры жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қазақстан елді мекеніндегі ұңғымадан Көксәйек елді мекеніне 1,2 шақырым жаңа Д-75мм су аққы құбыры жүргізілді. Сондай-ақ Көксәйектегі Қалдаяқов, Амангелді, Әйтеке би, Қазыбек би, Қожамсүгіров, Абдрасилов, Медетбек көшесінде және Жіңішке ауылындағы Тұрсынбай көшесіне мердігер «ПМК-7К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 9,4 шақырым электр желілері тартылып, 601 бағана қойылып, 1  трансформатор орнатылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестициялық бағдарламасы аясында Көксәйек елді мекені Төлеби, С.Тлеубердиев және Досалы би көшесіндегі 2 трансформатор ауыстырылды. «Жарық жол» мекемесі Жіңішке елді мекенінің орталық көшесінің  3,1 шақырымына түнгі жарық шамдар орнатты. Көксәйек ауылдық округі әкімі аппараты тапсырысымен Жіңішке елді мекені Тұрсынбай көшесіне 300 суағар орнатылды. Сонымен қатар аудан бюджетінен 15 миллион теңгеге бөлініп, Тұрсынбай көшесіне 1,7 шақырым су жүйесі жүргізіліп суағар орнатылуда.

Еркін форматта өткен кездесуде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Осыдан кейін аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының кездесу жиыны  Зертас ауылдық округінде жалғасын тапты. Үшінші тоқсанда өткен кездесуде округ халқы төрт мәселе көтеріп, ол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Округ аумағына 2 елді мекен кіреді, автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 35,15 шақырым. Елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлық жағдайы 75,5 пайызды құрайды. Зертас елді мекеніндегі Жаңақұрылыс 2, 3 көшелеріндегі тас төсеу, труба орнату, асфальт төсеу жұмыстары аяқталған. Қ.Сәтпаев көшесіне ағымдағы жөндеу жүргізілуде, нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Зертас көшесіне тас төселді. 

Округ табиғи газбен толық қамтылған, абонент саны 851, ГРПШ саны 626 дана. Зертас елді мекенінің 64 шақырымының ауыз су құбыры толық жаңартылып, 2 дана резервуар, 383 дана су құдығы қойылған. Жаңакүш елді мекенінің ауыз су құбырының құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыланыруға ұсынылған.  

Биыл «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі з меншігіндегі тозығы жеткен Жамбыл көшесіндегі электр жүйелері ауыстырып, Еламан-Сауран көшесінде электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізуде. Жаңакүш елді мекеніндегі Жаңакүш көшесіне түнгі жарық орнатылып, Зертас елді мекеніне спорт алаңшасы қойылған.  

Зертас елді мекеніндегі Шомшақты орта мектебіне 150 орындық оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт зал және әкімшілік бөлмелерінің құрылысына қаржы қаралды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізіледі. 

Мұнда да аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап бере отырып, ауданның алға қойған негізгі бағыттары туралы хабардар етіп,  проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.

Ұзынарықта екі спорт алаңы пайдалануға берілді
Жаңа жылда 60 отбасы баспаналы болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу