Көшелерге асфальт жабыны төселіп, ел игілігіне берілуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны құрылыс саласы. Бұл саланың ауқымы кең. Ол барлық салада айрықша басымдыққа ие. «Жолдың жайын жүрген біледі» демекші, автомобиль жолдары бүгінде талапқа сай қайта жаңғыртылуда. Мұндай жұмыстар Сарыағаш ауданында да жоспарлы жүргізілуде.
Биыл қала аумағында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілген. Атап айтсақ, оның ішінде Сарыағаш қаласы, Көктөбе және Телемұнара шағын аудандары бар. Бұл шағын аудандардың тұрғындарының бірнеше жылдан бергі өзекті мәселесіне айналған көшелерге де асфальт жабыны төселген.
Атап айтсақ, облыстық бюджет есебінен былтырғы жылы басталған Оразалы ата, Қызылорда, Телемұнара, Т.Оспанов, Жеңістің 45 жылдығы, Өндіріс, Шымкентбаев, Ақтөбе, Ортатөбе, Сарайшық, Арал, Қошқарбаев, Нұр көшелерінің жалпы ұзындығы 14,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға беріліп отыр.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Өркениет, Келешек, Асаубаев, Талас, Күлтегін, Өзкент, Сандыбаев, Достар, М.Ауезов, Қарқаралы, Ортатөбе, Тайтөбе, Зайсан, Жетіқара, Орталық, Аспара, Аққұм, Ақжайық көшелерінің жалпы ұзындығы 12 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал аудандық бюджет есебінен қала аумағындағы жалпы ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық көшелердің үлесі едәуір артатын болады.