Д.Исабековтің «Әпке» драмасы туған жерінде сахналанды
Ордабасылықтар Д.Исабековтың 80 жылдық мерейтойына орай Ордабасы аудандық Мәдениет үйі жанынан құрылған «Темірлан» халық театрында жазушының «Әпке» драмасын сахыналап, көрермен назарына ұсынды.
Жазушының бұл туындысы сахналық екі бөлімнен тұрады. Шарасыз сәттер мен өкінішке толы өмір хикаясын жазушы 1977 жылы жазған.
Өкінішті сезімге толы шиеленісті шығарма басты кейіпкер – Қамажайдың басынан өткен оқиғалары арқылы өрбиді. Қамажай алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген,бауырларына қамқор жан. Өмірдің қайшылыққа толы сәттерінде жеке басын ата-анасынан ерте айырылған бауырларының бақытына арнаған кейіпкердің образын аудандық мәдениет үйінің режиссері П.Баймаханова сомдаған болатын.
Өмірдегі түрлі адам образынан көрініс беретін қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлының ықылас гүлі табыс етілді.