Жеке кәсіпкер жылына 5 мың жиһаз құрастырады

Oinet.kz 25-11-2022 290

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы бізді, әсіресе жеке кәсібін ашып, ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып отырған жастарды жігерлендіріп отыр.

Screenshot_21.jpg

Сарыағаш ауданының Қабланбек ауылдық округіне қарасты Cіргелі елді мекенінде жеке кәсіпкер А.Утешев жиһаз цехын ашып, жұмыс істеуде.  

- Жалпы, өзім тұратын Сіргелі ауылы аудандағы кіші елді мекеннің бірі. Мұндағы жұрттың негізгі күн көрісі егіншілік пен мал шаруашылығы. Өзім сияқты кәсіпке бет бұрып, еңбек етіп, табыс тауып жүрген жастар ауылда аз емес. Еңбек мені есейтіп, елге танытты. Еңбектің арқасында жағдайымды түзеп, отбасымды асырап отырмын. Қайырымды істерден де тыс қалып жатқан жоқпын. Ауылдың игілігі үшін атқарылып жатқан шаруаларға қолдау, демеушілік көрсетіп жүрмін, - дейді ол.

Жеке кәсіпкердің жиһаз цехы 1000 шаршы метр аумақта орналасып, заманауи Италяндық және Ресейлік құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда жиһаз құрастырумен қатар, қажеттілігіне қарай тақташаларды кесіп беру қызметі де көрсетіледі. Нысан жылына 5000 дана жиһаз құрастырып шығаруға қауқарлы. Бұл ғимаратты жеке кәсіпкер А.Утешев өз қаражаты есебінен салып, бүгінгі таңда 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде жеке кәсіпкер аудан бюджетіне 30 миллион  теңгеден астам инвестиция тартқан.

Оның цехында болған аудан әкімі Мұхит Отаршиев жеке кәсіпкердің жұмысына жоғары бағасын берді.  

- Ауданда кәсіпкерлік нысандарының саны күн санап артуы бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы. Дана халқымыз «Еңбек – ырыстың қадірі» дегендей бастаған ісіңізге сәттілік тілеймін, атқарып жатқан еңбегіңіздің берекесін берсін. Қолынан өнері тамған шәкірттеріңіз көп болсын!, - деді аудан басшысы.

Жеке кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін одан әрі ұлғайтуды жоспарлауда.

Жылыжайдан екі ауысымда 30 тонна өнім жинаған
Д.Исабековтің «Әпке» драмасы туған жерінде сахналанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу