Отан – отбасынан басталады
Сарыағаш ауданында 2022 жыл балалар жылына орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен отбасылар арасында «Отан – отбасынан басталады» атты отбасылық спорттық жарыс болып өтті.
Жарысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, отбасын нығайтудағы спорттық іс-шаралардың рөлі туралы айтып берді.
- Сайыстың мақсаты жас отбасылар арасында отбасылық құндылықтарды, отбасы мүшелерінің спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, - деді бөлім басшысы А.Қозыбаев.
Облыстық спортакадия төрт кезеңді қамтыйды. Атаулы сайысқа қала, кент және ауылдық округтерден жалпы 9 отбасы қатысты. Жарыстың әр кезеңінде жеңімпаздарды төрешілер анықтап отырды. Өз шапшаңдықтарымен сайысқа белсене қатысып, жеңіске деген құштарлықтары зор болды.
Ойын қорытындысында төрешілердің шешімімен бірінші орын Егембердиевтер отбасына берілді. Екінші орынды Сейсенбаевтар, үшінші орынды Махмудовтар отбасы иеленді. Ал Анарбаевтар отбасы «Өнегелі отбасы», Базарбаевтар отбасы «Жігерлі отбасы» номинацияларын иеленді.
Жарыста көзделгені жалпы дене шынықтыру балалардың ғана емес, ересектердің де күш-қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдауға ықпал ету болатын.