Бекзат пен Отырар тұрғындарының өтініштері орындалуда

Oinet.kz 27-11-2022 301

Түркістан облысы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Бекзат» секторына да арнайы ат басын бұрып, тұрғындармен кездесті. Жалпы жыл басынан бері өткен кездесулер нәтижесінде 101 мәселе көтерілген болатын.

Screenshot_11.jpg

Атап айтсақ, оның 65 орындалды (оның 18-і инфрақұрылым, 10-ы жол мәселесі, 6-ы қоғамдық көлік, 9-ы электр жарығы, 7-і тазалық, 7-і жарықтандыру, 2-і абаттандыру және 6-ы әлеуметтік сала). 12 мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, ал 24 мәселенің заңдылығы түсіндірілді. 

Түркістанда көпқабатты 46 үйге күрделі жөндеу жүргізілуде, көпқабатты 54 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қала әкімі әлі де жөндеуді қажет ететін 23 үй барын атап өтті. 

«Бекзат» секторында көпқабатты тұрғын үй саны 11 болса, оның 10-ы күрделі жөндеуден өткен, 1 тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда, оның ішінден «Бекзат» секторында 1200 орынды құрайтын 1 мектеп құрылысын жүргізу көзделген. 

Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонент бар болса, олардың 33 937-сі сапалы электр қуатымен қамтылған. Сағатына орташа тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ. Биыл «Бекзат» секторында 1 нысанның құрылысы аяқталып, 2 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші негізінде 1 трансформатор орнатылды. «Бекзат» секторында 118 көше болса (оның ішінде 20 көше асфальт жол, 83 көше тас жол, 15 көше топырақ жол), ағымдағы жылы 8,6 шқ құрайтын 16 көшеге тас төселді, 6,62 шақырымды құрайтын 3 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. 2 нысанның құрылысы жоспарлануда. Атап айтсақ, темір жол аумағындағы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын 2023 жылы іске асыру көзделген, Ә.Жангелдин көшесіндегі құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтау қарастырылды.

Нұрбол Әбдісаттарұлы кездесу барысында тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

«Отырар» секторының аумағы 3,4 мың гектарды құрайды, ондағы тұрғын саны 50 750. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бұл сектордағы кездесулерінде жыл басынан бері 127 мәселе көтерілген болатын. Оның 62-і орындалды, 6 мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, ал 59 мәселенің заңдылығы түсіндірілген. 

Кеше Нұрбол Әбдісаттарұлы алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, «Отырар» секторында кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады. Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда, оның ішінде "Отырар" секторында 2000 орындық 3 мектеп салу көзделуде. 

Биыл «Отырар» секторында 1 нысанның құрылысы аяқталып, 2 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілсе, 2000 абонентті қамтитын 1 нысанның құрылысы жүргізілуде. Тұрғындардың өтініші негізінде 8 трансформатор орнатылды. 

Шәді ақын көшесінде ауыз су қысымы төмен  туралы шағымдар түскен болатын, Қазыбек би мен Б.Саттарханов даңғылы арасындағы тұрғын үй массивінің ауыз су қысымын көтеру мақсатында қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Отырар» секторында  Яссы көшесі бойынан желілік саябақ құрылысы, «Сырдаия, Арман» тұрғын үй кешенін абаттандыру, Әкімшілік-іскерлік орталығы 7 және 30 көше бойындағы саябақ құрылысы, «Парасат» саябағын реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. 

Кездесуге келген азаматтар атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, өзге де өтініштерін ортаға салды. Шаһар басшысы көтерілген мәселелердің заң аясында жоспарлы жүзеге асатынын жеткізді.

Түркістан қаласында жасыл белдеу қорын 30 мың алқапқа жеткізу көзделген
Жастар нашақорлыққа қарсы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу