Жастар нашақорлыққа қарсы

Oinet.kz 27-11-2022 389

Түркістан облысы Түркістан қаласындағы орталығында мектеп оқушылары мен мамандарының қатысуымен «Кел талқылайық!» атты семинар-тренингі өтті. «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес» мақсатында өткен трениг жастар арасында синтетикалық есірткі заттарының белең алуының алдын алуға бағытталды.

Screenshot_13.jpg

«Халықаралық есірткіге және нашақорлықа қарсы күрес күні» аясында өткен іс-шараға Түркістан облысы әкімінің аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы Ләззат Ибадуллақызы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Жандос Маханбетұлы, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы  Оразкүл Шайхықызы, Түркістан облысы «Қоғамдық денсаулық басқармасы» облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері  Дәметкен Алмаханқызы және психолог мамандар, ұстаздар мен оқушылар қатысты. 

- «Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады. Бүгінде қалалық білім ошақтарында түрлі семинар, дәрістермен дөңгелек үстел, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Біз күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенімдімін, - деді өз сөзінде Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.

Семинар-тренинг ашық пікір алмасу бағытында өтті. Қатысушылар есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу тақырыптарында бірқатар ұсыныстар айтып, оның алдын-алу шараларын күшейтуді қолға алу керек екенін тілге тиек етті.

Бекзат пен Отырар тұрғындарының өтініштері орындалуда
Облыстық ардагерлер байқауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу