Төлеби ауданының әкімі Аққұм және Жоғары Ақсулдықтармен кездесті

Oinet.kz 28-11-2022 399

Түркістан облысы Төлеби ауданында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы  Аққұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімінің айтуынша, округте аудандық маңызы бар жолдар 25,6 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы 86,4 пайыз. 

Screenshot_7.jpg

Ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 37,6 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы 93 пайыз. Момынай елді мекеніндегі ұзындығы 5,6 шақырым Ақтас көшесіне асфальт жабыны төселген. Аққұм елді мекеніндегі 1,17 шақырым Ащы көшесі орта жөндеуден өткен. Жаңаұйым елді мекеніндегі Тастөбе көшесіне ағымдағы жөндеу жүргізілген. Ленгір-Аққұм бағытындағы автомобиль жолының 0,2 шақырымы жөнделсе, алдағы жылы КХТЛ-16 «Аққұм-Көксәйек», «Аққұм-Жаңатұрмыс» автомобиль жолдарын орта жөндеуден өткізу жоспарлануда. 

Округте табиғи газ мәселесі толық шешімін тапқан. Абонент саны 733 үй, ГРПШ саны 609 дана. 720 абонент ауыз суды тұрақты түрде пайдалануда. Аққұм елді мекеніндегі бұлақ көзінің санитарлық аймағын қоршау құжаттары әзірленіп, келесі жылдың бюджетіне қаржыландыруға ұсынылуда. 

Аққұм елді мекеніндегі Ащы көшесі, Момынай елді мекеніндегі Ақпан батыр, Бұлақты көшелеріндегі электр жүйелерін ауыстыру бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржы қарауға ұсыныс берілген. 

«Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвест бағдарламасы арқылы «Ленгір-Жаңаұйым-Момынай-Аққұм» бағытындағы 5,8 шақырым электр желілері мен бағаналары ауыстырылуда. Бұған қоса, Ленгір-Момынай елді мекендерін жалғайтын 2 шақырым электр желісі мен бағанасы ауыстырылған. Қырықбаев көшесіндегі ескірген электр жүйелері де инвест бағдарлама бойынша жаңартылуда. 

Жаңаұйым және Момынай, Аққұм  елді мекендерінің орталық көшесіне жаяу жүргінші жолы салынды. Жаңаұйым елді мекенінің Тастөбе көшесінің 0,810 шақырымына аяқ жол салып, суағар қою жұмыстарын жүргізу үшін келесі жылдың бюджетіне қаржыландыруға ұсынылған. 

Момынай елді мекеніндегі жаңа массивке инженерлік-коммуникация жүйелерін жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленген. «Жаманжар» каналының 4,5 шақырымы механикалық тазалаудан өткен. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Момынай елді мекенінен Мәдениет үйінің құрылысына қаржы қарастырылуда.  

Толық асфальттанған Жаңаұйым елді мекенінің орталық көшесін кеңейту жұмыстары 2024-2025 жылдары жүзеге асырылады. Елді мекеннің бас жағына, яғни Ленгір-Алатау бағытына шығатын жолға түнгі жарық орнату үшін қаржыландыруға ұсынылыпты.  

- Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, жыл көлемінде аудан аумағындағы 12 ауылдық округ, 1 қала тұрғындарымен әр апта сайын кездесу өткізіп, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдадым. Кездесу ауданның барлық елді мекенінде ауа-райының қолайлылығына байланысты ғимараттарда не болмаса ашық аспан аясында өтіп, көтерілген мәселелер бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіліп отырды. Кездесу барысы әлеуметтік желілерге, тұрғындардың өтініші, ұсыныс-пікірлерін ескере отырып атқарылған жұмыстар нәтижесі ресми сайттарға жарияланды. Аталған бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, - дейді Төлеген Тұртайұлы. 

Бұдан кейін аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы Жоғары Ақсулықтармен де кездескен болатын. 

Қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кезекті жиын Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде өтті. Кездесу барысында тұрғындарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 айдағы көрсеткіші мен ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының бағыттарын түсіндірілді. 

Құрамында екі елді мекені бар Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі облыстық маңызы бар жолдың ұзындығы 12,9, ішкі көшелер 13,71 шақырым. Жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 96 пайыз. Сарқырама елді мекеніндегі 0,415 шақырымды құрайтын Теріскей көшесіне жыл соңына дейін асфальт төселеді деп жоспарлануда. 

Мәдени елді мекеніндегі кіре беріс көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалалау-сметалық құжаттары әзірленуде. 

Округ аумағына қарасты екі елді мекен толық табиғи газбен қамтылған. Абонент саны 410 үй, ГРПШ -345 дана. 

Елді мекендерде ауыз су мәселесі толық шешімін тапқан. Электр жүйелеріне қатысты ешқандай мәселе жоқ.  Орталық көшелеріне түнгі жарық қойылып, аяқ жол салынған. Ішкі көшелерді жарықтандыру, суағар орнату үшін қаржыландыруға ұсынылды. 

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты ағымдағы жөндеуден өтіп, Мәдени орта мектебі күрделі жөнделді. Үшінші тоқсанда өткен кездесуден кейін Сарқырама елді мекен тұрғындары жаңадан құрылысы жүргізілген 11 жеке тұрғын үйге табиғи газ тарту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Сұрақ-жауап форматында өткен кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына аудан әкімі жауап беріп, көтерген мәселерінің шешілу жолдары мен мерзімдерін атқарылатындығын жеткізді.

Сайрам ауданы тұрғындарына қанатқақты жобаның барысы түсіндірілді
Аудан әкімі құрылыс басында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу