Сайрам ауданы тұрғындарына қанатқақты жобаның барысы түсіндірілді

Oinet.kz 29-11-2022 390

«Түркістан облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасы биыл да өз жалғасын тауып отыр. Осы жоба аясында жақында Сайрам ауданының әкімдігінде аудан тұрғындарымен кездесу болып өтті.

Screenshot_6.jpg

Аудан тұрғындарымен өткен жиынды аудан әкімінің кеңесшісі Рысқұл Есполай ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамының инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директоры О.Көпбаев жобаның барысы туралы баян етті. Үш жылдан бері елімізде жүргізіліп жатқан қанатқақты жобаның Жамбыл облысында басталып, оған Түркістан облысының да енгізілгенін жеткізді. 

Кездесуде аудан тұрғындарына «Оңтүстік» АИО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің несиелендіру жөніндегі директоры А.Шалабаев, «Ырыс» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының  орынбасары Ж.Нұрлыбаев, Түркістан облысының кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Б.Құралбаев, кәсіпкерлер палатасы Сайрам аудандық филиалының директоры Ғ.Байболов жобаның аясында қандай жұмыстар атқарылатынын тарата айтып берді. Сонымен қатар қанатқақты жоба аясында жиынға қатысқан ауылдық округтерінің әкімдері мен аудан тұрғындарына кеңестер берілді.

Түркістан облысы тұрғындарының табысын арттыру жобасын жүзеге асыру үшін аудан көлемінде ерекшелігін және әлеуетін, климаттық ерекшелігін ескере отырып, қандай бағыттағы кәсіптің түрін баулу тиімділігін, бағдарлама бойынша несиелендірудің басым бағыттарын анықтау мәселелері талқыланды.

Жаңа кәсіп ашу үшін жоба жасау, несие алу жолдары, бағдарламаның негізгі шарттары, несиелендірудің көлемі және қажет ететін құжаттар тізімі төңірегінде сұрақтар болды. Ол сұрақтарға байланысты тиісті жауаптар ұсынылды. Атап айтқанда, несиелендіру республикалық бюджеттен 10 жылға 0,01 пайызбен жергілікті бюджет (ауыл шаруашылығы басқармасы), сенім білдірілген өкіл (ӘКК), серіктестік (Ырыс), соңғы қарыз алушы арқылы төрт жақты шарт арқылы іске асырылады. Тапсырма шарты бойынша сыйақы 2,49 пайыз болып белгіленген.    

Сонымен қатар, қарыз алушыны дара кәсіпкер ретінде тіркелуі, басқа кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектердің болмауы, мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы, қарыз алушының жасы зейнет жасынан аспауға тиіс. Несиені кепілмен қамтамасыз ету, кепілді мүлікті сақтандыру, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (жер учаскесі, сарай және т. б.), ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің мүшелігіне кіру, қаржыландырылған жоба шеңберінде өндірілген өнімді ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне өткізу туралы бағдарламада көрсетілген шарттары 

Қарабұлақ ауылдық округі ет өнімдерін өндіру, Қарамұрт және Көлкент ауылдық округтері көкөніс пен жеміс өсіру секілді ауылдық округтерінде өнім өндірушілер үшін тиімді жобаларын несие алуға дайындау арқылы қаржыландыруға мүмкіндігі бар екені айтылды.

Кентау қаласында 46 көшеге асфальт жабыны төселген
Төлеби ауданының әкімі Аққұм және Жоғары Ақсулдықтармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу