Кентау қаласында 46 көшеге асфальт жабыны төселген

Oinet.kz 29-11-2022 294

Жол қадірін жолаушыдан артық білетін адам жоқ. Кешенді жоспарлар мен бағдарламалар жол сапасын арттыруға өз септігін тигізуде. Осы ретте Түркістан облысы Кентау қаласында көше жолдарын жөндеуге ерекше басымдық беріліп отыр.

Кентау қаласында жалпы ішкі жолдар 268 көшені, яғни 173,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде, асфальтты 175 көше, қиыршық тасты 88 көше және топырақты 5 көше бар. Биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізіліпті. 

- Мемлекет үшін экономиканың басты күре тамыры – жол. Бір сөзбен айтсақ, жол инфрақұрылымы арқылы экономиканың көптеген салалары дамитыны белгілі. Қазақ «Атың барда желіп жүріп жер таны, асың барда беріп жүріп, ел таны» дейді. Бұрынғы бабаларымыз аттың қомында желіп жүрсе, бүгінгілер темір тұлпар тізгіндеп, жол рақатын сезіп келеді. Әсіресе соңғы жылдары елімізде автомобиль жолдарының құрылысы қарқын алып, жақсы жолдар үлесі артуда. Бүгінгі таңда Кентау қаласында жол саласында атқарылған жұмыстар - облыста ең үздік көрсеткіштің бірі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Мемлекеттік жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында 2020-2025 жылдары 128 көшені жөндеуден өткізу және күтіп ұстау жұмыстары жоспарланған, - дейді Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов.

Кентау қаласында ағымдағы 2022 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,2 млрд. теңгеге жеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мәлімдеді. 

Қала басшысының айтуынша, биыл қаланың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 22,3 миллиард теңгеге жетіп, жоспар 27,4 пайызға артығымен орындалған. 

- Кентау қаласындағы индустриалдық аймақ 25 гектар аумақты алып жатыр. Ол аймақта құны 2,7 миллиар теңгені құрайтын, 219 жұмыс орнын қамтитын, 8 жоба орналасқан. Кентау қаласы бойынша 2020-2025 жылдары өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске асырылатын жалпы құны 6,33 миллиард теңгеге 2 жоба іске қосылады. Онда 317 жұмыс орны ашылу жоспарланған, - деді Жандос Қалмырзаұлы. 

Ағымдағы жылдың 9 айында қалада 21,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100 пайыз таза ауызсумен қамтылған, толық орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Биыл жыл соңына дейін 18 мың абонентті табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, қазіргі таңда, Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75,5 мың гектар алқаптағы жайылымдық жерді Кентау қаласына қосу жолымен шекараны 128,3 мың гектарға өзгерту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бұдан бөлек, Кентау қаласының көшелерін жарықтандыру және қайта жаңғырту мақсатында жол төсеу құрылысымен қатар атқарылған. Атап айтсақ, жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, 85 көшеге 1 070 дана жарықшам орнатылған. Қосымша биыл жыл соңына дейін 200 дана жарық бағанасын орнату жоспарланған. Нәтижесінде Кентау қаласының көшелерінің жарықтандырылуы 90 пайызды құрамақ. 

Жол құрылыс жұмыстары бойынша айтсақ, биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізілген. Бұл - облыста ең үздік көрсеткіштің бірі. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Ал мемлекеттік жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында 2020-2025 жылдары 128 көшені жөндеуден өткізу және күтіп ұстау жұмыстары қала әкімдігі тарапынан жоспарланған.

Кентау қаласында көпқабатты үйлерге көгілдір отын берілді
Сайрам ауданы тұрғындарына қанатқақты жобаның барысы түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу