Кентау қаласында көпқабатты үйлерге көгілдір отын берілді

Oinet.kz 29-11-2022 371

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты осы және алдыңғы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елдімекендерді сапалы таза ауыз сумен және газбен қамту жайы назардан тыс қалдырмаған еді. Биыл Кентау қаласында біраз шағын аудандардағы көпқабатты тұрғын үйлерге көгілдір отын берілген болатын.

Жуырда Кентау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан, биыл ғана құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген 10 көпқабатты тұрғын үйге газ беріліп отыр. Бұл көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында сыртқы газ жүйлерінің жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес құрылыс жұмыстары былтыр аяқталған. Тұрғындарды қоныстандыру қарсаңында көгілдір отынға қосылып отыр. 

-Қазіргі таңда Ш.Уәлиханов көшесіндегі №160, 162, 164-ші үйлердегі 180 пәтер көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Сонымен бірге №178, №188 және өзге де үйлерді жылумен қамту жұмыстары аяқтаулға жақын. Бұл көпқабатты тұрғын үйлерді «Кентау Сервис» МКК №5 жылу электр орталығы жылумен қамтуда, - дейді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақов. 

Қазіргі таңда «Кентау Сервис» МКК №5 жылу электр орталығының орталықтандырылған жылына 14 мыңға жуық абонент қосылған. Бүгінгі таңда мекеменің қызметін 108 бюджеттік мекеме, 2295 жеке секторлы тұрғын үй, 346 көпқабатты тұрғын үй, 441 коммерциялық нысан пайдалануда. Жылу орталығы қажетті мазутпен, көмірмен және сұйық отынмен қамтылған. Орталықты жөндеуден өткізу мәселесі де назарда тұр.

Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары қаланың кәріз тазарту стансасының жай-күйімен танысты.  «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жобаның техникалық экономикалық негіздемесін келісу жұмыстары жүргізілуде.  Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Жоба бойынша 40 га жер теліміне жаңа кәріз су тазарту стансасы салынып, су тазарту құрылымдарымен қамтылады. Бұл станса қаланың кәріз су жүйесін толық тазалауға қауһарлы болмақ.

Кентау қаласының қазандықтары қалыпты режімде жұмыс істеуде
Кентау қаласында 46 көшеге асфальт жабыны төселген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу