Шымкентте 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға беріледі

Oinet.kz 24-10-2022 573

Қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар оқу ордаларының құрылыс жұмысын тексерді. Солардың бірі - былтыр құрылысы басталған "Нұрсәт" ықшам ауданындағы оқушылар сарайы.

Screenshot_9.jpg

Жобаны салудағы мақсат - оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде сабақ өткізуге және педагогтардың, ата-аналар мен балалардың тәрбие саласындағы өзара іс-қимылына жағдай жасау, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту.

7-18 жас аралығындағы 500 оқушыға шақталған нысаның 42%-ы дайын.

Ғимарат 3 қабатты, 3 блоктан тұрады.  Бұдан бөлек 81 көлікке арналған көлік тұрағы және 35 адамдық асханасы болады.

Нысанның құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Шаһар басшысы “Білімді ұрпақ – іргелі елдің кепілі”, сондықтан оқушыларымыздың жеке жобаларымен, шығармашылықпен және спортпен айналысатын өз ордасы болуы керек”-дей келе, жауапты мамандарға нысанды жоспарға сай уақытында аяқтауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан: Ассамблея мүшелерінің қатысуымен республика күніне орай дөңгелек үстел өтті
Шымкент: Импорттан экспортқа нақты қадам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу