Табиғат «құшағындағы» демалыс орны
Біркөлік шатқалы – Түркістан облысы, Төле би ауданында, Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1100 м. биіктікте Тянь-Шань тау сілемдерінде орналасқан. «Сулы» аңғарда Біркөлік өзені ағады және дәл осы жер демалушылар арасында кеңінен танымал. Аңғарда жарға өрмелеу жарыстары өткізілетін «Айлы алаң» бар. Сондай-ақ, аңғардан құздарына ұя салған құстарды, жылғалар мен бес метрлік сарқырамасы бар шатқалдарды да көре аласыз. Бұл шатқал қазір өңірдегі туризмді аймақтың бірі. Шатқал етегінде көптеген демалыс орындары туристерге сапалы қызмет көрсетіп келеді. Солардың бірі «Маяк» демалыс орны.
Мүлгіген тыныштық, тау аңғарлары, ағып жатқан өзен, жап-жасыл пейзаж «Маяктың» - басты ерекшелігі. Мұнда:
- Ағаштан жасалған үйлер:
- Табиғат келбетін тамашалай алатын тапшандар
- Ересектерге және балаларға арналған бассайн
Баня
- Кафе
Нысан демалыссыз жұмыс істейді. Сондықтан қаланың қу тіршілігінен шаршасаңыз кез-келген уақытта «Маякта» отбасыңызбен тыныштықта, табиғат аясында демалуыңызға болады.