Қасқасу - Оңтүстіктің жерұйығы

Oinet.kz 25-08-2022 1316

9eFMEhneW91VnhSTWh0dHBzOi8vc2NvbnRlbnQuY2RuaW5zdGFncmFtLmNvbS92L3Q1MS4yODg1LTE1LzM3NTc1MDkwXzE2NjQ1MTM5ODM2Nzc2MDdfNTE1NjE0OTk5MDIyNTA4NDQxNl9uLmpwZz9zdHA9ZHN0LWpwZ19lMzUmX25jX2h0PXNjb250ZW50LmNkbmluc3RhZ3J.jpg

Қасқасу шатқалы - Түркістан облысының ең әсем жерлерінің бірі. Төле би ауданында, теңіз деңгейінен 1900 м. биіктікте орналасқан. Шымбұлақтың 5-ін өзіне сидыра алатын әлеуеті бар. Сондықтан бұл өңірде туризмді дамыту аса маңызды. Қасқасуға сапар тек тауға шығу деген сөз емес. Мұндағы демалыс белсенді, әрі экстремалды болуы тиіс. Таудағы демалыс тек тауға өрмелеу ғана емес су спортын сүйетіндер үшін бұл – рафтинг. Сондай-ақ таудың флорасы мен фаунасын зерттеуге әуестенушілер үшін де таптырмас орын. 

98450635_263959688060699_5128214845358421185_n.jpg

Соңғы жылдары көздің жауын алатын шатқалда демалыс орындары көбейіп келеді. Солардың бірі «TauPark Каскасу» демалыс аймағы. 

Жан-жағын тау шатқалдары мен жасылжелек қоршаған демалыс орны сізге нағыз тыныштық және табиғатпен үйлесімділік сыйлайды. Себебі нысан Шымкент қаласынан 65 шақырым қашықтықтағы Төле би ауданы Жоғарғы Қасқасу ауылы маңындағ ы арқырап ағып жатқан Қасқасу өзені бойында, алма бақтың «қойнындағы» таза экологиялық аймақта орналасқан. Аумағы 3 гектар. 

HONN3VaUnk1TFU2UGh0dHBzOi8vc2NvbnRlbnQuY2RuaW5zdGFncmFtLmNvbS92L3Q1MS4yODg1LTE1LzEwMzg1MDczM18xMzk5MzUyODc2ODUzODZfMzgwMDY0NDQzODA2ODQxNzcwMV9uLmpwZz9zdHA9ZHN0LWpwZ19lMzUmX25jX2h0PXNjb250ZW50LmNkbmluc3RhZ3J.jpg

Мұнда отбасылық демалысқа арналған жайлы коттедждер, ашық аспан астындағы монша, жаздық алаңдар және мерекелік кештерге арнадған жазғы банкет алаңы  бар. Алма бақты аралап келе Қасқасу шатқалының көз тоймайтын керемет көрінісіне тап боласыз.  

Таза ауамен тыныстап, табиғатты тамашалау үшін әр коттеджнің ауласына тапшан қойылған.  

8YONDNsa2NlbjFnaGh0dHBzOi8vc2NvbnRlbnQuY2RuaW5zdGFncmFtLmNvbS92L3Q1MS4yODg1LTE1LzcxMjAwNDAxXzIzMjc2NTc1OTQxNTEzNDJfNTM5ODY4NDQ3NjkwNTU1NzAzNV9uLmpwZz9zdHA9ZHN0LWpwZ19lMzUmX25jX2h0PXNjb250ZW50LmNkbmluc3RhZ3J.jpg

Демалыс аймағына келіп сіз рафтингпен айналысып, балық аулап, велосипедпен серуендеп,  жаяу немесе атпен тау бөкетерін аралай аласыз. Жылқылардың барлығы қолға үйретілген. Ал қыс мезгілінде шаңғы тебуге жағдай жасалған. 

Сонымен қатар демалыс аймағында:

- Бассейн

- Монша 

- Балалар ойын алаңшасы

- Балдай қымызы бар киіз үйлер бар. 

- Кафе

Табиғат бөктерінде орналасқан «TauPark Қаскасу» демалыс орнында сіз қолжетімді баға  ұмытылмас демалысты өткізе аласыз. 

Байланыс нөмірі: 8777 164 57 22;  8705375 55 55

Нағыз «Жерұйық»
Табиғат «құшағындағы» демалыс орны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу