«Біркөлікті» көрдің бе?

Oinet.kz 21-06-2022 817

Screenshot_5.png

Тамаша тамылжыған табиғат аясында орналасқан Төле би ауданындағы «Біркөлік» санаториясы сіздерге керемет демалыс сыйлауға әзір. Теңіз дең­гейінен 1100 м. биіктікте Тя­нь-Шань тау сілемдерінде ор­на­ласқан демалыс аймағында жаңғақ тоғайы, өрік және алма бақтары бар. Қарағай, Тянь-Шань шыршалары, емен, шынар, зерек, талшын ағаштары, итмұрын және т.б. дәрілік шөп­тер өседі. Шатқал бойынан, тас­ты жырақтардан, тау бұлақ­та­рынан басталған Біркөлік өзені ағып жатыр. 

Screenshot_1.png

Он­ың таза, мөлдір, салқын суы шат­қалдың жасыл алқабын су­ландырып, ауаны аэроиондап, айналаға салқын жел алып келеді. Тау­дың жасыл желегі ауаға бакте­ростатикалық әсер етіп, фитонцидтермен тазартады. Жал­пы, жергілікті ауа дем алу органдарына, жүрек-тамыр жүйелеріне әсер етіп, орталық жүйке жүйесін сергітеді. Біркө­ліктің таулы аймақта орналасуы, жылы ауа-райы, қоңыржай ылғалдылық, ауаның жоғары аэроионизациясы – шипажай­дың жеке ерекшелігі болып табылады.

Screenshot_2.png

«Біркөлік» шипажайының суы дертке дауа. Бұл шипажай жүйке жүйесін емдеу, сол сияқты жүрек қан тамырларын емдеу секілді шараларымен көпке мәлім. Біркөлік өзенінің суы адамның жанын да, тәнін де емдеуге таптырмас су.

 Демалушыларға мұнда сондай-ақ көптеген емдік-сауықтыру қызметтері де ұсынылады. Атап айтқанда: 

- Балшықпен емдеу:

- Апитерапия (араға шақтырып және табиғи бал арасының өнімдерімен емделу);

- Өт жолын тазалау (тюбаж)

- Бишофит ваннасы;

- Емдік массаж

- Фитобөшке

- Гирудотеапия (сүлікпен емдеу)

- Тұзды шахтм

Циркулярлы душ т.б

Сонымен қатар "Біркөлік"шипажайы саумал маусымы ашылғанын жариялайды. Мұнда бағалар қолжетімді. 

Жаныңыз бен тәніңізді емдегіңіз келсе, «Біркөлікке» келіңіз! 

Демалыс орны туралы толығырақ ақпаратты birkolik.kz сайтынан білуге болады. 

Байланыс үшін: +7 777 9736702,    +7 (725 47) 7-74-96




«Дихан Тау» туристерді сауықтыруға шақырады
"ASR tau" туристердің ыстық ықыласына бөленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу