Рейд жалғасын тапты

Oinet.kz 26-05-2021 906

23.jpg

Түркістан облысы Түлкібас ауданында  25 мамыр күні бекітілген жылдық жоспарға сәйкес ауданда кәмелет жасқа толмағандар мен оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды болдырмау мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстары жалғасын тапты. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігі хабарлады.  

Мектеп бітірушілері тарапынан кең көлемде аталып өтетін «25 мамыр – Соңғы қоңырау» мерекелік шарасы аясында көлік картеждерімен көшелерде қыдыру, серуендеу, кешкі уақыттарда кафелер мен мейрамханаларда, ойын-сауық орталықтарында болуларына жол бермеу негізінде ұйымдастырылған, рейдтік шараға Түлкібас аудандық полиция бөлімі инспекторлары мен ауданның Адами Әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы орта мектеп директорларымен мұғалімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері қатысты. Рейд барысында әр ауылдық округ, елді мекендерде арнайы жасақталған посттар қойылған болатын.

Түнгі 23:00-ден кейін көшелерде, ойын-сауық кешендерінде, дүкендер мен қоғамдық орындарда, тұрғын жайларынан тыс жерлерде заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығын қатаң ескертті.

Талап пен тәртіпке бағынбайтын кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта аталған орындарда заңды өкілінсіз жүргені анықталса, олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен хаттама толтырылып, тиісті шаралар көрілетіні болатыны ескертілді.

Күн тәртібінде-орым науқаны
Түлкібастық түлектердің тартуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу