Түркістаннан Ыстамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады

Oinet.kz 12-03-2021


015.jpg

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған әуежайдан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады. «Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан» бағытындағы алғашқы ұшақ 2021 жылғы 21 наурызда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Бастапқыда Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасындағы әуе қатынасы аптасына тұрақты түрде жұма, жексенбі күндері 2 реттік жиілікпен қойылып отыр. Кейін аптасына 7 рейске дейін ұлғайып, күн сайын ұшпақ. Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады.

Әуе қатынасы кезінде барлық тиісті санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшу кестелері "FlyArystan" әуе компаниясының ресми сайтында жарияланып тұрады.

Әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар болса, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метр. Ал жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр. 

Заманауи әуежайдың құрылысы былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған болатын. Түркістаннан 16 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынған. Құрылыс жұмыстарын Түрік компаниясы жүргізді.

Жуырда халыққа берген есебінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан әуежайымен алдағы уақытта күн сайын Нұр-Сұлтан, Алматы бағыттарына әуе рейстері қатынайтынын, әуежай Түркістандағы туризмнің дамуына өте зор серпін беретінін атап өткен болатын. 


«Тұран» «Түркістан аренада» жаттығуын бастады
Өзбекстан Түркістанда мешіт салып жатыр


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×