Өзбекстан Түркістанда мешіт салып жатыр

Oinet.kz 12-03-2021 780

016.jpg


Түркістанға кіреберіс жолда 5 мың орындық зәулім мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Бұл - киелі шаһарға Өзбекстан мемлекеті тарапынан жасалған сый. Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығының аумағы 20 мың шаршы метр, айналасында 400 орындық медресе, кітапхана, асхана, неке сарайы және басқа да қосымша нысандар салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңадан бой көтерген «Дендро саябақ» пен «Аттракциондар паркі» арасында жаңа көпір салу жоспарлануда. Сондай-ақ «Жібек жолы» саябағы мен «Желілік саябағы» аумағы тазартылып, көгалдындырылуда. Б.Саттарханов даңғылындағы тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін және «Рәміздер алаңы» мен «Түркі бағын» ретке келтіру жұмыстары кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан қолға алынған.

Облыс әкімі рухани-мәдени орталық аумағында орналасқан нысандардың жобасы мен жарықтандыру жұмыстарымен танысты. «Керуен сарай» кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, орталықта таунхаус пен саябақ құрылысы басталды.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің саябағы, театр аумағы мен қонақ «Hampton by Hilton Turkestan» қонақ үйінде түнгі жарықтандыру орнату жұмыстары жүзеге асырылуда.

Биыл қаланың келбетін ашатын бірқатар нысандардың құрылысы аяқталады.   


Түркістаннан Ыстамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады
Түркістан күн санап көркейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу